» Қызылордада кәсіпкер салықтан жалтарғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылордада кәсіпкер салықтан жалтарғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

 Қызылордада кәсіпкер ұзақ жылдар бойы салықтан жалтарған. Бюджетке төленбеген салық мөлшері аса  ірі көлемді құраған.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі кезекті экономикалық қылмыс үшін сот үкім кесті. 10 жылдан астам «тұрғын үйлерге құрылыс жұмыстарын көрсету» бағытында жұмыс жасаған Жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры декларацияны табыс етпеу немесе салық салынатын басқа да объектілерді жасыру жолымен бюджетке төленетін 200 млн. 256 мың  теңгенің міндетті төлемдерінен жалтарғанын тергеу анықтады.

Сонымен қатар, сотталушы 2017-2018 жылдары бес заңды тұлғадан белгілі көлемде сыйақы беру арқылы іс жүзінде орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және тиеп-жөнелтілмеген тауарлар үшін жалған шот-фактура, орындалған жұмыстар актілерін, қолма-қол есеп айырысқандығы жөнінде квитанция құжаттарын сатып алуды жүзеге асырған.

Қызылорда қаласының №2 соты кәсіпкерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245 бабы 3 бөлігімен (ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару) кінәлі деп танып, кәсіптік немесе коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, шартты түрде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Осы мерзімге пробациялық бақылау тағайындады.
Сонымен қатар,  жауапкер жалтарған салық сомасын өндіруге міндеттелді.
---
26 сәуір 2021 ж. 138 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031