» » » Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Байманов Шахмардан Асқарұлы тағайындалды.

Шахмардан Байманов 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар істері жөніндегі көмекшісі болып бастаған;

2007-2008 жылдары — Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры;

2008-2012 жылдары — «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары, атқарушы директоры;

2012-2015 жылдары — Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м. а., басшысы, жетекшісі;

2015-2017 жылдары — «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы;

2017-2019 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, қала әкімінің орынбасары;

2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары;
2020 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.
27 сәуір 2022 ж. 653 0