
Жүрек пен көз туралы тәмсіл
Қазақ үшін Сөз тылсымға толы сиқыры мол дүние. Сөзді адам ағзасымен етене бір көреді. Бір заттың екі жағы санайды. Ренжісе, «өкпелеп қалдым», туғанын «бауырым» деуі тегін емес. Табан екеш табанды да сөзге қосып, мінезі салмақтыны «табанының ізі бар» деп бейнелейді. Онысы көбіне-көп дөп шығады. Әйтсе де жүрек...