» Шөлді басатын және артық салмақтан арылтатын сусындар

Шөлді басатын және артық салмақтан арылтатын сусындар

Қияр сусыны – мынадай аптап ыстықта шөлді басатын өте дәмді сусындардың бірі. Сонымен қатар, ағзаны тазалайтын, артық салмақтан арылтатын да қасиеттері бар. Ендеше, осындай пайдалы сусынды қалай дайындауға болады, қанша көлемде ішу керектігі жөнінде айтатын боламыз.
Қияр – пайдалы дәрумендер мен минералды заттарға бай көкөніс. Оның құрамы 95 пайыз судан тұрады. Бірақ та бұл қарапайым су емес, құрылымдалған, ағза жасушаларын ылғалдандыратын өте пайдалы су. Қазіргі уақытта адамдар шөлдей қалса ыстық шай немесе кофе ішуге құмартып тұрады. Бұдан ағза құрғап, сусыздана бастайды. Оның орнына ыстық күндері бір дана қияр жеген әлдеқайда пайдалы. Дененің құрғауы адам ағзасы үшін өте зиянды екенін жасыра алмаймыз. Сұйықтық жеткіліксіздігінен бауырға салмақ түсіп, несеп жүйесі шлактарға толады, тері босап, буындар да құрғайды екен. Сондай-ақ, нәрлі заттардың жасушаларға тасымалдануы қиындайды.
Ағза осындай ауыртпалықты сезінбесін десеңіз, қияр сусынын дайындап ішуге ерінбеңіз.
Қияр сусынының пайдасы:
Ағзаны токсиндерден, зиянды заттардан тазартады;
Зат алмасуды жақсартады;
Ағзаны дәрумендермен, минералды заттармен байытады;
Шөлді басады;
Қан қысымын төмендетеді;
Тәбетті қалыпқа келтіреді;
Құрамындағы кремнидің арқасында бұлшықеттерді нығайтады;
Теріні нәрлендіріп, тазалайды, ылғалдандырады;
Газдалған сусындардың орнын басады;
Егер артық салмақтан арылуды қаласаңыз, бұл таптырмас сусын болмақ.

Қияр сусынын қалай дайындайды?
Бұл сусынды дайындаудың еш қиындығы жоқ. Қиярды тазалап жуып, 0,5 сантиметр қалыңдықта дөңгелектеп турайсыз.
Мұндай сусынға лимон тілімиін қоссаңыз, дәмі кіре түседі.
Сосын осы туралған қиярдың үстіне су құясыз. Бір сағат осылай тұндырып қоясыз. Сонымен бірге түні бойы тоңазытқышқа салып қоюға болады.
Сусынды ішерде бір текше мұз салып жіберіңіз.
Сусынды ішкен уақытта қияр тілімдерін жеуге де болады.
Лимон мен қияр сусыны
Қияр мен лимон бір-біріне жақсы үйлеседі. Сондықтан да бұл екеуінен сусын дайындау өте қолайлы. Лимон С дәруменіне бай болғандықтан да ол сусынды одан да пайдалы ете түседі. Лимон мен қияр сусынына жалбыз қосуға да болады. Егер сіз жалбыз дәмін ұнатсаңыз, оны да қосыңыз.
Алдымен қиярды турап, 4-6 тілімін бір стақан суға немесе банкага салыңыз. Бір сағат тұндырып қою керек.


Содан соң бір лимонның шырынын сығып, қияр салынған суға құясыз да, жақсылап араластырып іше бересіз. Мұндай сусынды тоңазытқышта небәрі 4-6 сағат қана сақтауға болады.
Қияр сусынына лимон шырынын қосқыңыз келмесе, лимонды тілімдеп салып жіберсеңіз де жарайды.
Майра Сейфуллина,
ERNUR.KZ
---
14 шілде 2018 ж. 1 609 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930