» » Грекия аралы өз тұрғындарына ай сайын 500 еуро төлейді

Грекия аралы өз тұрғындарына ай сайын 500 еуро төлейді

Аралға көшіп баратындар тек ай сайын ақша алып ғана тұрмайды, сонымен қатар оларға баспана және жер беріледі. Бірақ ең алдымен кастингтен өтуі қажет. Бұл Грекия халқына арналған, алайда шетел азаматының да көшіп баруына қарсылық жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Грекиядағы Андикитира аралының басшылығы адамдарды осы аймаққа көшіп келуге шақыруда. Ай сайын әр отбасыға 500 еуро төлейтінін мәлімдеген. 

Андикитира аралында тұрғын аз. Қазір 20 отбасы тұрады, жаз айларында 40-қа жетеді екен. Жергілікті басшылық тқрғындарға ақша беру арқылы аралдың халық санын көбейтуді көздеп отыр. 

Бірақ 500 еуро алғашқы үш ай ғана төленеді. Ары қарай отбасы өз тіршілігін жасайды. Бірақ ол жаққа кез келген адам көшіп бара алмайды. Яғни, аралда тұрғысы келетін отбасы сол жердің тұрғындары ұйымдастырған конкурстан өтуі қажет. 

Мұндай жағдай алғаш рет болып жатқан жоқ. Сицилия қаласының басшылығы да көшіп барған тұрғындарына бір еуроға үй береді.
15 шілде 2019 ж. 649 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930