» » Қытайда қылмыскердің орнына жазықсыз адамды өлтіріп тастаған

Қытайда қылмыскердің орнына жазықсыз адамды өлтіріп тастаған

Қытайда қылмыскердің орнына жазықсыз адамды өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА новости" басылымына сілтеме жасап.


ÒÑÑайда ÒÑлмÑÑкеÑдÑÒ£ оÑнÑна баÑÒа Ð°Ð´Ð°Ð¼Ð´Ñ Ó©Ð»Ñм жазаÑÑна кеÑкен

2015 жылдың қаңтарында ішкі Моңғолия автономиялық облысының Хохот қаласының соты Чжао Чжихунды өлім жасына кесу туралы шешім қабылдаған. 1996 жылы Чжао Чжихунның қылмысы үшін 18 жасар жігіт өлім жазасына кесіліп, 2014 жылы ғана ақталған. 

Айыпталушы сот шешімін оқып болғаннан кейін, өлім жазасына дейін туыстарымен кездесуден бас тартқан.

Чжао Цзихон 2005 жылы қарақшылық жасап, бірқатар кісіні өлтіріп, адам зорлап, 1996 жылы Хохот қаласының қоғамдық дәретханасында жасалған қылмыстарын мойындады. Дәл осы қылмыстар үшін жас азамат өлім жазасына кесілген. Ол бар болғаны адамның өлі денесін тауып, бірінші болып қажетті мекемелерге хабарласқаны үшін қыршын кеткен.

Жас жігіт 2014 жылғы желтоқсанда кінәлі емес деп танылды. Қытай билігі сот отырысына қатысқан жігіттің ата-анасынан кешірім сұрап, оларға 330 мың доллар көлемінде өтемақы төледі.

Соттың үкіміне сәйкес, 1996 жылдың қыркүйегінен бастап 2005 жылдың шілдесіне дейін Чжао Цзихун алты кісі өлтіру, он зорлау, екі кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық және басқа да ауыр қылмыстар жасаған. Сот Чжао Чжихунды өмір бойына саяси құқығынан айырды, 53 мың юань (шамамен 8,4 мың доллар) айыппұл салды және зардап шеккендерге 102 мың юань (шамамен 14,8 мың доллар) төлеуге міндеттеді.



30 шілде 2019 ж. 594 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930