АҚШ-та 9 жастағы балаға бес адамды өлтірді деген айып тағылды
АҚШ-тың Иллинойс қаласының 9 жастағы тұрғыны бес адамның өліміне және екі рет өрт қойды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Peoria Journal Star журналы штат прокуроры Грег Мингерге сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 6 сәуірде көшпелі үйде от қойған. Бес адам қаза тапқан оның ішінде үшеуі бала. Екі адам аман қалған.
Өрт кешкі 11-де басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен уақытта үй толықтай өртеніп жатқан. "Бұл қайғылы жағдай, бірақ ең жас адамға ауыр кінә тағылып отыр", - деді прокурор. Егер баланы соттайтын болса, ол бес жыл бас бостандығынан айырылады.