» » "Қорыққаннан өліп қала жаздадым": Әйел унитаздан егеуқұйрық жеп жатқан жыланды көргені туралы

"Қорыққаннан өліп қала жаздадым": Әйел унитаздан егеуқұйрық жеп жатқан жыланды көргені туралы

Аустралия тұрғыны түнде унитаздан егеуқұйрықты жеп жатқан жыланды көріп, қатты шошыған. 


Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлайды.
 
Кондитер болып жұмыс істейтін Жана Энглер 12 қазанда түнгі сағат 4-те дәретханаға барған. Алайда ол унитаздан жыланды көріпті. Ол егеуқұйрықты жеп жатқан.

«Шошығаннан не істерімді білмей қалдым. «Бұл не сұмдық?!», -  деген ой ғана келді», - дейді әйел.

Мұнан кейін Энглер ұлын оятып, дәретханадағы сұмдықты көрсеткен. Айтуынша, ұлы мұндай көріністі көріп, қайран қалыпты.

«Ол жыланның егеуқұйрықты біздің көз алдымызда жеп жатқанына таңғалды», - дейді Жана Энглер.

Мұнан кейін әйел жұмысына кетіп қалған. Ал үйіне қайтып келгенде, унитазда жылан да, егеуқұйрық та болмаған. Ендігі ол жыланның қайтып келмейтінінен үміттеніп отыр.
16 қазан 2019 ж. 946 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 085

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031