» » Әлемдегі ең үздік жағажайлар анықталды

Әлемдегі ең үздік жағажайлар анықталды


TripAdvisor рейтинг қызметі жыл сайынғы Travellers Choice жүлдесін тағайындау барысында үздік 25 жағажайды атады. Бірінші орында Кариб теңізі алабындағы Теркс және Кайкос деп аталатын алақандай аралдардың жағажайы тұрса, Еуропадағы ең үздігі испан жағажайы болып тұр. TripAdvisor рейтинг қызметі демалып барушылардың пікірі, дауыс беру саны нәтижесінде ең үздік қонақ үйлер мен демалыс орындарын Travellers Choice сыйлығымен марапаттайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі realty.newsru.com сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың рейтингі бойынша Провиденсиалес қаласындағы Теркс және Кайкос аралдарының Грейс-Бей бұғазы көш бастап тұр. Атлант мұхитының аппақ құмы мен бұғаздың мөп-мөлдір суын жыл бойы тамашалауға болады. TripAdvisor-дың пікірінше, бұл таптырмас үйлесім.
Екінші орында бразилиядағы Фернанду-ди-Норонья аралындағы Baia do Sancho жағалауы тұр. Бұл дайвинг үшін таптырмас жер, жағажайды қоршай орналасқан жартастардың жанында есте қаларлық фотосуреттерге түсуге болады.
Кубадағы какос пальмалары, 1920 жылы салынған керемет қонақ үйлері бар Варадеро жағажайы үшінші орында тұр.
Интернет қолданушылары төртінші орынды Арубадағы Eagle Beach жағажайына беріпті. Бұл жағажай аппақ құмы, таза суымен ғана емес, теңіз тасбақаларымен де танымал.
Бесінші орынды Кайман аралдарындағы жағажай иеленген. Үлкен Кайман аралдарының тұрғындары да бұл жағажайда жыл бойы демала алады.
Алтыншы орында шілде мен қыркүйек айлары аралығында демалуға өте қолайлы La Concha Сан-Себастьяне жағажайы тұр.
Жетінші үздік жағажай – АҚШ-тың Флорида штатындағы Clearwater Beach жағажайы. Ол отбасылық демалыс үшін ең ыңғайлы жер.
Сегізінші орында - Ямайкадағы Негрил қаласындағы жағажай.
Тоғызыншы орында - Доминикадағы Баваро жағажайы.
Оныншы орынға мексикалық Playa Norte на Исла-Мухертес жағажайы орналасты.

Baq.kz
23 ақпан 2018 ж. 1 340 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031