» » Қытай 6G технологиясын жасап жатыр

Қытай 6G технологиясын жасап жатыр

Қытайдың Ғылым және техника министрлігі 6G технологиясын жасау жұмыстарының басталып кеткенін хабарлады, деп жазады CNBC. Министрлік аталған жұмысты атқару үшін екі жұмыс тобын құрмақ.

Оның бірінде 6G туралы зерттеулерге жауапты тиісті мемлекеттік ведомстволар болса, екінші жұмыс тобына университет, ғылыми зерттеу институттарынан 37 адам кіреді. «5G мобильді жүйенің келесі сатысы. Ол жоғары жылдамдықтағы интенетке, жүргізушісі жоқ көліктер мен виртуалды шындыққа мүмкіндік береді.

Қытай бұл жүйені белгіленген уақыттан бір жылға ерте енгізіп, өткен айда 5G жүйесін қосқан еді», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бүгінгі таңда бүкіл әлем әлі 4G желісінде тұр, сонымен қатар 5G белгілі бір салалар мен тұтынушыларға қалай әсер ететіні әлі түсініксіз. Қытайдан басқа бұл жүйені Оңтүстік Корея ғана іске қосқан. Ал АҚШ, Ұлыбританияда тек бірнеше қала аталған желіге қосылған.
17 қараша 2019 ж. 541 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930