» » Дүниежүзілік ұйымның басшысы Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды

Дүниежүзілік ұйымның басшысы Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорына эстафетаны әділет министрі Марат Бекетаев жолдаған
НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы қабыл алды. 
"Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Фрэнсис Гарри мырза Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын жалғастырды", - деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев әлеуметтік желідегі өз парақшасында Абай Құнанбайұлының отыз екінші қара сөзінен үзінді оқып, эстафетаны Фрэнсис Гарриға жолдаған еді.

Өз кезегінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы бұл бастаманы қолдап, Марат Бекетаевқа өз алғысын білдірді.
"Армысыздар! Мен Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев мырзадан, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойының құрметіне арналған эстафетаны қабыл алғаныма өте қуаныштымын. Абайдың 32-ші қара сөзінен үзіндіні оқып беруге рұқсат етіңіздер", - деген Гарри ағылшын тілінде Абайдың қара сөзін оқиды.
Бұл бейнероликті Марат Бекетаев өзінің парақшасында жариялады.

sputniknews.kz
20 қараша 2019 ж. 650 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930