Қытайда SIM карта сатып аларда адамның беті міндетті түрде сканерден өткізілетін болды
Қытайда 1 желтоқсаннан бастап Қытайда жаңа SIM-карталарды сатып алушыларды міндетті түрде сканерлеуге қатысты талап күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.
ҚХР Индустрия және ақпарат министрлігі мұндай шара киберқылмыс пен телекоммуникациялық алаяқтықпен күресуге көмектеседі деп санайды.Қытайда SIM-картаны сатып алушыға жеке куәлік беру керек екені бірнеше жылдан бері бар. Сонымен қатар, SIM картасын сатып алғысы келетіндердің барлығы суретке түседі. Енді жоғарыда айтылғандардың бәріне жаңа міндет қосылды.
ҚХР билігі ұялы байланыс операторларынан SIM-карталардың үшінші тұлғаларға сатылуына жол бермеуін талап етеді. Ендігіде әрбір оператор абонентке өзінің SIM картасын қайта сатпау үшін тиімді тәсілмен жеткізуге міндетті.
stan.kz