» » Үндістандық магнат 542 қалыңдақ пен күйеу жігітке той жасап берді (фото, видео)

Үндістандық магнат 542 қалыңдақ пен күйеу жігітке той жасап берді (фото, видео)

Үндістандық гауһар магнат 271 жұпқа неке қию рәсімін жасап берді. Азаматтың ғашықтарға неге көмектескені жайлы KAZ.NUR.KZ Sandesh News басылымына сілтеме жасап жазады.

Үндістанық жұптардың мерекесі тек бір көшеде емес, толық бір Гуджарат штатында тойланған. 542 қалыңдық пен күйеу жігіт той киімдерімен мыңдаған мейманды күткен.
Мұндай мейрамды гауһар саудасымен айналысатын жергілікті Махеш Савани есімді саудагер ұйымдастырыпты. Ол 2010 жылдан бері әкесіз қалған қыздарға тұрмыс құруға көмектесіп жүр екен.
Үндістанда тұрмысқа шығу қымбат тұрады. Себебі, тойдағы барлық шығынды қыздың жанұясы көтереді. Ал күйеу жігітке ақшамен және қымбат сыйлықтармен жасау беріледі. Одан бөлек, достар мен туыстарды аста-төк дастарханмен күтіп алу керек.
Сондықтан, асыраушысы жоқ жанұяға қиындық туады. Нәтижесінде, көптеген қыз тұрмысқа шыға алмайды. Жанұя құру өмірдің мәні, ал қызды тұрмысқа беру ізгі іс дейтін Махеш Савани бойжеткендерге сол себепті көмектесе бастапты.
Магнат алғашқы тойын 23 қызға арнап жасаған. Осылайша, жыл сайын олардың саны арта түскен. Бұл жылы рәсім рекордтық көрсеткішке жетті. Осы уақытқа дейін Махеш Савани 3,1 мың жұпты үйлендірген.
Айта кетейік, ғаламтор кеңістігінде отандық танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрғаны жайлы ақпарат желдей есіп жүр.






kaz.nur.kz
24 желтоқсан 2019 ж. 743 1

cialis 20mg от 28 желтоқсан 2019 07:31
free http://www.cialisles.com/ cialis online pharmacy; almost cialis antidépresseur cialis 20 mg best price or cialis 20 mg best price

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031