» » 8 жасар бүлдіршін кәріліктен көз жұмды

8 жасар бүлдіршін кәріліктен көз жұмды

Дәрігер мұндай диагнозы бар науқастарда қаңқа өспейтінін, бірақ ішкі мүшелер өсетінін айтты.

8 жасар бүлдіршін кәріліктен көз жұмды


Украинада ерте қартаюдан зардап шеккен сегіз жасар Анна Сакидон көз жұмды, деп хабарлайды ktk.kz.

Волинск облыстық балалар аумақтық медициналық бірлестігінің анестезиология бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары Надежда Катаманның айтуынша, өлім полиоргандық жетіспеушіліктің салдарынан болды. Дәрігердің сөзінше, осындай диагноз қойылған балалардың өмірі 8-10 жылға ғана созылады.
"Бұл қыз бізде кішкентай кезінен бастап қаралды. Ақпан айында Анна 8 жасқа толды. Прогерия диагнозы бар балалардың өмір сүру ұзақтығы 8-10 жыл болғандықтан, оның биологиялық жасы 70-80 жасты құрады. Аннаның салмағы 8 келі болса да, балада ішкі ағзалар мен жүйелердің ерте қартаюы болды", – деді Катаман.

Дәрігер мұндай диагнозы бар науқастарда қаңқа өспейтінін, бірақ ішкі мүшелер өсетінін айтты. Науқастар көбіне инсульттен көз жұмады. Анна бірнеше рет инсульт алған, сондай-ақ, ол аяқ-қол тетрапарезінен зардап шекті.

ernur.kz


19 ақпан 2020 ж. 451 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031