» » Магнит дауылының денсаулыққа әсері

Магнит дауылының денсаулыққа әсері

Магнит дауылының денсаулыққа әсеріТабиғатта «магнит өрісі», «магнит дауылы» дер аталатын құбылыстардың болып тұратыны, олардың адам ағзасына белгілі бір дәрежеде әсер ететіні белгілі. Әсіресе магнит дауылын әркім әрқалай көтереді. Жас, денсаулығы қалыпты адамдар бұл дауылдың әсерін аса сезе қоймайды, ал жасы егде тартқан және сезімтал адамдар бұл дауылдың әсерін қатты сезінеді. Көпшілікке таныс бұл құбылыс кезінде ағзадағы жайсыздықтан қалай арылуға болады? Ендеше сіздерге сол жайында айтпақпыз.

«Магнит дауылы» ғылыми тілде геомагниттік толқын деп аталады. Ол – жердің магнит өрісінің күшті ұйытқуы. Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады, әрі ол жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде өтеді. Мамандар бұл күндері қан қысымы жоғары және жүрек-қан тамырларының жұмысы әлсіз адамдар өзіне сақ болуы керек екенін айтады.

• «Магнит желі» тұрған кезде қанда холестерин мөлшері артады. Сол себепті бұл күндері майлы, әрі тәтті, тұзды тағамдардан бойды аулақ ұстаған жөн. Созылмалы жүрек ауруынан зардап шегетіндер қажетті дәрі-дәрмектерін үнемі жанында ұстағаны дұрыс. Егер адам осыған дейін қандай да бір себеппен түрлі қабынуларға қарсы дәрі-дәрмектер қолданған болса, онда оларды ішуді қайта жалғастырғаны дұрыс (емді дәл осы күндері жаңадан бастауға болмайды, тек бұрын емделгендер ғана оны жалғастыра алады, осыны ұмытпаңыз).

• Денсаулығыңызға қатты кері әсері болмаса, аспирин қолдануға болады. Сонымен қатар бұл күні түрлі шөп тұнбаларын (эвкалипт майы, тағы да басқа) әзірленген жақпа майларды компресске пайдалануға болады. Мысалы, белгілі бір кептірілген емдік шөптің ұнтағына 2 ас қасық алып, 50 гр вазелинге теңдей дәрежеде араластырады. Жақпаны дәкеге әбден сіңіп кеткенше ысқылап жағады.

• «Магнит желі» тұрғанда алкогольді ішімдіктерден бас тартқан жөн. Сонымен қатар ағзаға артық салмақ, күш түспегені дұрыс.

• Жасы үлкен адамдар «магнит дауылын» қиналмай көтеруі үшін ағзаның тінаралық зат алмасуын реттеп отыруға пайдасы бар емдік шөп тұнбаларын қолдануға болады. Мәселен, алоэ тұнбасы. Ол үшін алоэның төменгі жағындағы жапырақтарының бірін кесіп алады да, оны қайнатылған суда мұқият жуады. Содан соң ұсақтап турап, дәкеге орайды да, сөлін сығып алады. Осы сөлді тамақтан 20 минут бұрын ішеді. Мұндай кезде күніне 3 рет, 15 тамшыдан эвкалипт майын да қолданған дұрыс.

• «Магнит желі» кезінде жүйкесі сыр беріп, жөнсіз ашуланатындар, мазасы кететіндер, ұйқысы қашып, үрейге берілетіндер бұл кезеңде валериан(валерьянка) мен пион тұнбасын қолдануға болады. Олар тез тыныштандырады. Сонымен қатар жеңіл дене жаттығуларын жасап, жылы-салқын душты алма-кезек қабылдаса да жақсы көмегі тиеді. Себебі магнит толқынының әсерін азайтуда қарапайым судың пайдасы зор.

Есіңізде болсын, «магнит желін» адамдар әрқалай сезеді. Кейбіреулері жел басталардан 2-3 күн бұрын мазасыздана бастаса, енді біреулері өзінің кенеттен көңіл-күйі бұзылып, себебін таба алмай жатады. Ал ендігі біреулері магнит желінің әсерін ол өтіп кеткен соң барып сезеді. Мұның бәрі де ағзаның жай-күйіне байланысты. Сондықтан кімде-кім өз ағзасының ахуалын қадағалап, ақпарат құралдарында ескертілетін ауа-райы болжамдарына назар сала жүрген артықтық етпейді. Себебі бұл «магнит желі» мезгілдің белгілі бір күндері ғана болады.

massaget.kz
21 ақпан 2020 ж. 530 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031