» » Бір жарым сағатқа "қайтыс болған" ер азамат дәрігерлерді қайран қалдырды

Бір жарым сағатқа "қайтыс болған" ер азамат дәрігерлерді қайран қалдырды

Австралия тұрғыны 90 минутқа созылған клиникалық өлімге тап болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тоқсан митуқа көз жұмған

59 жастағы Элистер Блейк есімді ер азамат өзінің жұбайы Мелиндамен бірге жағажайдағы үйде демалып жатқан. Түн ортасында Мелинда күйеуінің қорылдағанын естіп ояныпты. Алайда артынша оның жүрегі тоқтап қалғандығын анықтап, жедел жәрдем келіп жеткенше жарына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетпекші болыпты. 

Дәрігерлер Элистердің жүрегін бір жарым сағат бойы қайта соқтырмақшы болыпты, бірақ қолдарынан ешнәрсе келмеген. Жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған ер азаматтың әйеліне оның бекем болуын сұрап, көңіл айта бастаған кезде күтпеген жайт орын алған: 90 минутқа "қайтыс болған" науқастың жүрегі өздігінен қайта соға бастапты.

Элистер төрт күн бойы жансақтау бөлімінде жатыпты. Дәрігерлер оның кенеттен қайта тіріліп кеткендігіне қайран қалысыпты. Ұзаққа созылған клиникалық өлімнен кейін ағзаның қалпына келуі екіталай көрінеді, алайда Элистердің бойынан психикалық та, физикалық та ауытқушылықтар байқалмапты. Ақ халаттылар ер азаматты Інжілдегі Лазарьға теңеп жатты. Аңыз бойынша Лазарь төрт күннен соң қайта тірілген. 

Науқастың өзі болса енді кардиосимулятор асынып, әрбір күнін өмірінің соңы секілді қарсы алуға мәжбүр көрінеді. Десек те Элистер бұған мойымайтынын жеткізіпті. 
 




04 наурыз 2020 ж. 466 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031