» » Бір жарым жасар қыз анасын ғимарат шатырынан құлаған қардан құтқарып қалды (видео)

Бір жарым жасар қыз анасын ғимарат шатырынан құлаған қардан құтқарып қалды (видео)


Ресейдің Мурманск облысында бір жарым жасар қыз анасын көп қабатты ғимарат шатырынан құлаған қардан құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz.


Оқиға түсіп қалған видеоны Ресейдің Тергеу комитеті жариялады.
Әйел ғимарат алдында танысымен сөйлесіп тұрғанда, бір жарым жасар қызы оны шетке қарай тартқылай бастаған. Әйел қызымен бірге бір шеткен жылжығаннан кейін, төртінші қабаттың шатырынан қар массасы құлады. Видео кадрларынан төбеден құлаған қар салдарынан үш адамның құлап қалғаны байқалады. Қыздың анасы оны көтеріп алып, қауіпсіз жерге жүгіре жөнелді. Екінші әйел де құлап қалған жерінен орнынан тұрды.




Ресейлік комитет  тергеушілері орын алған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


http://stan.kz
05 наурыз 2018 ж. 1 132 0