» » Google сіз туралы бәрін біледі

Google сіз туралы бәрін біледі

Google-дағы жеке профиліңіз Google жеке профиліңізде өзіңіз жайлы маңызды деректерді көрсетуді сұрайды. Ол сіздің жасыңыз, жынысыңыз, қызығушылығыңыз, сүйікті спортыңыз дегендей. Жүріп-тұруыңыз Смартфоныңыз Android платформасында жасалған болса сіздің барлық координатыңыз, жүріп өткен жолыңыз, жылдамдығыңыз, бағытыңыздың барлығы Google-дың жеке қорында сақталады. Google-да іздеген дүниеңіз Google сіздің нені іздегеніңізді сақтап отырады. Бұдан бөлек сіздің өткен сайттарыңыз, қараған хабарландыруларыңызды есте сақтап қалады.  Аккаунтыңызға кіре алатын құрылғылар Google-мен байланысы бар кез келген аккаунтыңызға кіруге рұқсаты бар барлық құрылғының тізімі жасақталған. Егер сіздің аккаунтыңызға қандай құрылғымен кіруі мүмкін екені қызықтырса жоғарыдағы сілтемеге өтіңіз. Google-да сіздің жеке мәліметтеріңізді жинақтайтын барлық қосымшалар Бұл тізімнен сіздің жеке профиліңізге қай қосымшаның қаншалықты қолжетімді екенін көре аласыз. Кейде байқаусызда не білмегендіктен түрлі қосымшаларға жеке мәліметті қарауға рұқсат етіп қоямыз. Google шығару Google-мен байланысы бар кез келген аккаунт не сайттардағы жеке ақпаратыңыз, поштаңыз, телефон нөмірлері, күнтізбе, Drive файлдары, фото сияқты түрле заттарды шығарып алуға болады.   
Google сіз туралы бәрін біледі
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/62336/
07 маусым 2020 ж. 551 0