» » Адамзатқа коронавирустан да қауіпті жағдай анықталды

Адамзатқа коронавирустан да қауіпті жағдай анықталды

Адамзатқа коронавирустан да қауіпті жағдай анықталды

Ауаның ластануы адамзат үшін басты қауіп ретінде анықталды. Бұл туралы ауа сапасының индексін (AQLI) жасаушылардың есебінде айтылды.

Зерттеу авторларының айтуынша, ластанған ауа адамдарға коронавирус, туберкулез, СПИД және басқа ауруларға қарағанда әлдеқайда үлкен қауіп төндіреді. Ауаның ластануы орташа өмір сүру ұзақтығын екі жылға қысқартады. Үндістан немесе Бангладеш сияқты елдерде қауіпті ауа шығарындыларына байланысты өмір сүру ұзақтығы 10 жылға қысқарады. Әсіресе AQLI баяндамасы дамушы аймақтардағы ауа сапасының жай-күйіне назар аударды.
Соңғы 20 жылда Оңтүстік Азияның төрт елінде - Бангладеш, Үндістан, Непал, Пәкістанда ауаның ластану деңгейі 44 пайызға өсті, соның салдарынан өмір сүру ұзақтығы бес жылға қысқарды.
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 650 миллион халықтың шамамен 89 пайызы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) нұсқауларына сәйкес келмейтін жерлерде тұрады.
Мамандар оң өзгерістерге де назар аударды. Атап айтқанда, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Қытай, қатал экологиялық саясаттың көмегімен таза ауа үшін күресте біршама жетістіктерге жетті.
Мәселен, Қытай 2013 жылы «ластануға қарсы соғыс» бастады, нәтижесінде ел атмосферадағы бөлшектік заттардың мөлшерін шамамен 40 пайызға азайтты. AQLI мәліметтері бойынша, егер Қытай билігі бұл саясатты жалғастыратын болса, онда бұл елдің азаматтарының өмір сүру ұзақтығы екі жылға ұзарады.


stan.kz

02 тамыз 2020 ж. 494 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031