» » 2021 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал

2021 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал

Қақпанға түсіп қалмаңыз: Қыркүйекке арналған жұлдызды жорамал

Қаңтарда адамдар сабырлы қалпын сақтап, әрекеттері баяу болмақ, барлық күш-қуаты өз күн-көрісіне бағытталған. Жұмыс берушілермен дау-дамай туындауы мүмкін. Өз еңбегін бағалай бастағандар жалақысының көбеюін талап етеді. Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда соны ескеру қажет. Сонымен қатар әлемде наразылық шаралары, шерулер көбейіп, олардың мақсаты - қоғамның әртүрлі бөлігіндегі халықтың арасында қаржылық-бюджеттік саясаттың өзгеруін талап етуі. 

Қаңтарда Марс планетасы 6 айлық қозғалысынан кейін Тоқты белгісінен (2020 жылдың 28 маусымынан 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін) Торпаққа (2021 жылдың 7 қаңтар - 4 наурыз аралығы) өтеді. Осы уақытта адамдар сапалы жасалған бұйымдарға көңіл бөліп, қолөнермен де айналыса бастауы ғажап емес. 
Қаңтарда басталған жұмыстардың қарқыны баяу жүреді, бұған қоса, қосымша қаржы талап етуі мүмкін. Дегенмен одан түсетін пайда бір күндік емес, ұзаққа созылады деп сенімділікпен айтуға болады. Осы айда тұрғындар қаражаттарын құнды заттарға бағыттап, ірі мүлік сатып алып, ұзақ мерзімді инвестиция жасайды. 

Тоқты
Қаңтарда сізге демалуға уақыт жетпейді. Бизнесте қаржылық шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Өйткені сізге заттың істен шығуы немесе күтпеген жерден орын алған келеңсіз жағдайды түзету қажет болады. Өндірістің барысы біркелкі болмайды, бірде кәсібіңіз тұрып қалса, бірде келген адамдардың ығына төтеп бере алмай қаласыз. Осы тұста асығудан жұмыстағы жүйкенің сыр беруінен және қызметкерлердің арасындағы сөзге келіспеушік орнауынан жіберілген қателіктер байқалады. 
Қаңтарда жұлдыздар сізге жаңа жұмысқа ауысуға, үй алып немесе баспанаңызға жөндеу жұмыстарын жасауға және т.с.с. маңызды шешімдер жүзеге асыруға кеңес бермейді. Айдың ортасы, әсіресе, қиынға соғады. Сол себепті жұмыста жарақат алмау үшін мұқият болған дұрыс. 

Торпақ
Қаңтарда бірігіп істелген жобалар алға қарай жылжып, қаржылай табыс әкеледі. Түрлі жағдайларға байланысты адамдармен көп араласып, дене шынықтырумен жиі айналысасыз. Бұл айды жалғыздықта өткізбеген дұрыс. Өзіңіздің шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетуден тартынбаңыз. 
Егер біреумен көңіл жарастыруды ойлап жүрсеңіз, қаңтар сіз үшін таптырмас уақыт болады. Ал жұбымен келіспей жүргендер болса, бір ымыраға келеді. Сонымен қатар, осы уақытта әлдебіреулер сізді жанжалға тартпақшы болады және бәсеке мен тәуекел етуді талап ететін жағдайларға кезігесіз. 

Егіздер 
Жылдам шешім қабылдаудан сақ болған жөн. Бұл уақытта керісінше, маңызды дүниелерді жақындарыңызбен талқылап, ақпаратты тексеріп, барынша мұқияттылық танытуыңыз керек. Жұмысыңыздың жемісін күтуіңізге тура келеді, ал нәтижелердің көрінуі сіздің еңбекқорлығыңыз бен қабілеттеріңізге байланысты болмақ. Байыпты, байсалды істерге бет бұрасыз. Бұл уақытты мәселелердің шешімін табуға және алға жоспар құруға арнаған дұрыс. 
Қаңтарда сіз әр істің тереңіне жетіп, жұмысыңызды басқа қырынан танисыз. Басшылықпен және әріптестеріңізбен қарым-қатынаста эмоцияға берілмеңіз, өйткені олардың тарапынан түсінбеушіліктің орын алуы ғажап емес. 

Шаян
Өз қабілеттеріңізді көрсету үшін қаңтар таптырмас уақыт болмақ. Соның арқасында шығармашылық белестерге жетесіз. Жомартығыңыз бен өмір сүруге деген құштарлығыңыз айналаңыздағыларға қуат беріп, жағымды эмоция сыйлайды. Ең ауыр мәселелердің шешімі тез табылады. Өзіңіздің еріктеріңізге берілуге болады. Барлық іске араласып, өзіңіз мақсат еткен нәтижелерге жетіп, барлығының назары сізге ауады. Алға қойған жоспарларыңыз өзіңіздің не ойлағаныңызға тікелей байланыст болады. Энергетикаңыз күшейіп, денсаулығыңыз бен иммунитетіңіз жақсарады. 

Арыстан
Айдың бірінші жартысында шығармашылық және іскерлік белсенділік таныту қолайлы болмақ: бұл кезде сіздің танымалдығыңыз артады. Өзіңіздің көзқарасыңызды дәлелдеп, өмірлік ұстанымыңызды бекітуге мүмкіндік туады. Балаларыңызбен, жақын туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз жанданады. Алайда қаңтардың ортасында жұмысыңызда біраз қиындықтар орын алады, ісіңізге кедергілер мен әріптестеріңіздің наразылығына кезігесіз. 
Сіздің жеке басыңызға қатысты қолсұғушылыққа жол бермейсіз, сондай-ақ, сіздің әдістеріңізге күмәнмен қарайтындарға және қысым көрсетуге тырысатындарға қарсылығыңызды ашық білдіресіз. Сіздің жетістікке жетуге деген ынтаңыз осы уақытта айқын байқалады. Бірақ әріптестеріңіз бен басшылық тарапынан қолдау таппауыңыз мүмкін. 

Бикеш
Жұлдыз белгісінің өкілдері үшін "қысқа әрі нұсқа" ұстанымы жетістік сыйлайтын негізгі қағида болады. Ең қиын деген сұрақтың шешімін табатын мүмкіндіктерге ие боласыз. Жұмыс кестесіне мән берген жөн, әйтпесе, біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан ұсақ-түйектер мен ұқыптылық жайлы ұмытпаңыз. 
Іскерлік әңгімелесу барысында тақырып аясынан ауытқымаған дұрыс, бұдан бөлек, арақашықтық пен белгілі бір ережелерді ескеріңіз. Осы айда мансабыңыз, беделіңіз, кәсіби және әлеуметтік жетістіктеріңіз жайлы ойланып, ой түйетін сәт туады. 

Таразы 
Қаңтар - кәсіби біліктілігіңізді арттыратын түрлі курстардан өтуге таптырмас кез. Өзіңіз кезігетін барлық ақпаратты саралаңыз, себебі алдағы уақытта бұл мәліметтер сізге пайдалы әрі қажет болады. Кішкентай қателіктеріңіз үлкен мәселеге айнаулы мүмкін, сондықтан мұқияттылық танытыңыз. Бұл айда жұмысқа, мамандыққа және мансабыңызға қатысты дүниелерді шешуге болады.
Мақсатыңызға жету үшін жұмыста белсенділік, кәсибі жауапкершілігіңізді барынша көрсетіңіз. Кәсіби мақсатта жиі әңгімелесесіз. Осы кезең алдағы жоспарларыңыз бен өмірлік мақсаттарыңыз жайлы ойлану үшін жақсы уақыт болады. 

Сарышаян
Айналаңыздағылармен, әсіресе, әріптестеріңізбен қарым-қатынаста қандай да бір кедергіні сезінесіз. Кәсіби басылымдарға мақала жариялау үшін сәтті кез. Қаңтар сіз үшін демалыс пен саяхаттауға келмейтін ай болмақ: жұмысыңыз көбейіп, бұған дейінгі жобаларыңызды түзетуіңізге тура келеді. Ал ісіңізде белсенділік таныпасаңыз тіпті, жұмыстан шығып қалуыңыз да ғажап емес. 
Сапарларыңыз тек жұмыс бабымен болған дұрыс. Осыған орай, сіз лауазымыңызды арттыруға, кәсіби біліктілігіңізді көрсетуге және түрлі іскерлік курстардан өтуге мүмкіндік туады. Серіктестеріңізге арқа сүйенбегеңіз жөн, өйткені олар сіздің үмітіңізді ақтауы мүмкін. 

Мерген
Жаңа мамандыққа ауысуға, кәсібіңізге өндіріс деңгейін арттыру үшін өзгеше серпін сыйлауға қолайлы уақыт. Бұған қоса келіссөздер, ақпаратпен жұмыс істеуге, оқуға және сапар шегуге қолайлы жағдай туады. 
Жұмыста орын алған кез келген мәселені ақыл-ойды өрісінің кеңеюі, жылдам ойлау, есте сақтау және түйсігіңізді арқасында шеше аласыз. Маңызды құжаттарға қол қою үшін, келісімшарттар жасау үшін осы айды пайдалансаңыз болады. Дене шынықтыру мен физикалық қозғалысты талап ететін еңбектен өзіңізді аулақ ұстаңыз: бет, бас, омыртқа жарақатын алу және жүрегіңізге ауыртпалық түсіру қауіпі бар. 

Тауешкі 
Қаңтар сіз үшін ойыңызды мазалаған сұрақтардың жауабын табуға және интеллектуалды жұмысқа арналған ай. Қоғамдық қарым-қатынастарды дамытып, жаңа таныстықтарға жолығасыз. Сіз басшылықпен, тіпті, билік өкілдерімен келісімге келіп, өзіңіздің жобаларыңызды іске асырып, позицияларыңызды көрсете аласыз. Осы уақытта түйгеніңіз көпке дейін есіңізде сақталып, пайдаңызға жарайды. 
Сіздің рухани қабілетіңізге байланысты жаңа идеяларды ойлап табу үшін және оларды кәсіби мақсатта немесе мамандығыңызда қолдану үшін шығармашылық белсенділігіңіз артады. 

Суқұйғыш
Іскерлік байланысыңыз кеңейіп, бұрын кездеспеген адамдармен танысасыз, өз кезегінде жаңа танысулар сіздің кәсіби мансабыңызға әсер етеді. Құжаттармен жұмыс шаршатады, бірақ ақыры сәтті аяқталады. Бір айта кетерлігі, өзіңіздің әлсіз тұстарыңызға көз жұмып, басқаларының өзіңіз туралы ойын естуге құштар боласыз. Дегенмен жұлдыздар осы тұста абай болуға кеңес береді. 
Өзіңізді көп мақтай беруге болмайды. Егер сабырлық танытсаңыз, жұмысыңыз өрге домалап, тіпті, рухани ұстазыңыз бен басшылықтың ризалығын ала аласыз. Қоғамдағы белсенділіктің пайдасы тиеді. Ойланбаған уәделерден аулақ болыңыз. 

Балықтар
Өзіңізді дамытуға, белсенділік танытуға қолайлы кезең. Сіздің қолыңыздан бәрі келіп, бірқатар артықшылықтарға ие боласыз. Дегенмен бұл жағдай айналадағыңыздардың қызғанышын тудыруы мүмкін. Беделіңіз бен атаққұмарлығыңыз өседі, дегенмен пікірлердің келіспеуі орын алып, басқаларымен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Ресми органдармен сөзге келмей қалудан абай болыңыз, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерге бармай қоя тұрыңыз. 
Қаңтарда танымалдылыңызды арттыруға, мақала жариялауға, дәріс оқып, түрлі іс-шараларда сөз сөйлеу мүмкіндігі пайда болады. Майда-шүйде жағдайлар үшін сөз таластырмаңыз, сүйіктіңіз бен туыстарыңызды ашуландырмаңыз, сонда келеңсіздіктер болмайды. 

stan.kz


31 желтоқсан 2020 ж. 11 872 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031