» » МЕМЛЕКЕТТЕР АУҒАН ХАЛҚЫНА КӨМЕКТЕСУГЕ ДАЙЫН

МЕМЛЕКЕТТЕР АУҒАН ХАЛҚЫНА КӨМЕКТЕСУГЕ ДАЙЫН

Еуроодақ пен 67 мемлекет Ауғанстан билігін «Талибан» қозғалысы басып алғаннан кейін бірлескен мәлімдеме жасады. АҚШ, ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия, Польша, Украина, Оңтүстік Корея, Африка мен Латын Америкасының кейбір мемлекеттері елден кеткісі келетіндерге мүмкіндік жасау керек екенін, Ауғанстан азаматтарына көмектесуге дайын екенін білдірді.

«Ауғандар мен кеткісі келетін шетелдіктерге ке­туге рұқсат берілуі керек. Жолдар, әуежайлар мен шекаралар ашық болып, тыныштық сақталуы тиіс. Ауған халқы қауіпсіз өмір сүруге лайық. Біз халық­аралық қоғамдастықта оларға көмектесуге дайынбыз» делінген хатта.

Құжатта елдер Ауғанстандағы жағдайға бай­ла­­нысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұ­мыс істеп жатқандығы айтылған. Олар барлық та­рапты шетелдіктер мен ауған елінен кеткісі келетіндердің қауіпсіз түрде кетуіне жағдай жасауға және құр­меттеуге шақырды. Ауғанстанда билікке отыр­ған­дарға адам өмірін қорғауға, сондай-ақ қа­уіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге жауапты екенін ескертті.
Айта кетейік, «Талибан» қозғалысының со­дыр­лары Ауғанстанның астанасы Кабулға кіріп, елдегі соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Кабул әуежайына жүздеген адам жиналып, елден кетуге тырысты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауған­стандағы жағдай туралы мәлімдеме жасаған бо­латын. Ол Ауғанстан Ислам Республикасындағы қазақстандықтар мен дипломаттардың қауіп­сіз­­дігін қамтамасыз ету үшін шаралар қа­был­дау­­ды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақ­стан Ауғанстандағы шие­леністің ушығуына алаң­­дайтынын және оқи­ғалардың дамуын мұқият қа­да­ғалап отырғанын айтты.
Айта кетейік, Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, «Талибан» қоз­ғалысына Қазақстанда тыйым салынған.

17 тамыз 2021 ж. 1 052 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930