» » 1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтандығына визасыз бара алады

1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтандығына визасыз бара алады


1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметіне сенсек, ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеуі тиіс.

Айта кету керек, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған. Бұл қағиданы бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шаралары қолданылатынына назар аудару керек.
Осыған байланысты, бұл елге кіру қағидаларымен Оман әуежайының сайтында танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.
17 наурыз 2022 ж. 756 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30