» » Лотереядан екі рет ұтыс ұтқан азамат сәттілігінің себебін түсіндірді

Лотереядан екі рет ұтыс ұтқан азамат сәттілігінің себебін түсіндірді

ÐоÑеÑеÑдан ÐµÐºÑ ÑÐµÑ Ò±ÑÑÑ Ò±ÑÒан Ð°Ð·Ð°Ð¼Ð°Ñ ÑÓÑÑÑлÑгÑнÑÒ£ ÑебебÑн ÑÒ¯ÑÑндÑÑдÑАмерикалық азамат Майкл Форсберг лотереядан екі рет джекпот ұтып алды. Ол сәттілігінің себебін түсіндірді.

Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Калифорния тұрғыны лотереядан ұтыс әкелген билетті сатып алмас бұрын сәтсіздікке ұшыраған адамға алты доллар бергенін айтады. Форсберг 750 мың доллар ұтып алғанын білген соң, дүкенге қайта оралып, сатушыдан билетті тексеріп беруді өтінген.
«Бұл шынайы билет пе әлде қалжың ба, білмедім», – дейді америкалық азамат.
Форсбергтің пікірінше, бұл ұтыс оған қайырымды ісі үшін берілген сый іспетті.
Бір қызығы, азамат осыдан жеті жыл бұрын лотереядан 10 мың доллар ұтып алған. Форсберг сол уақыттан бері тағы да ұтысқа ие боламын деп үміттенгенін айтады. Енді ол олжасын «қарыздарды төлеп, барлық проблемаларды шешуге» жұмсамақшы.
Дегенмен, Форсбег ұтысының бұдан да көп болуы мүмкін екенін ойлап, өкініш білдірді.
«Бір жаманы – бұл 750 миллион доллар емес. Мүмкін тағы ойнап көруім керек шығар», – деді ол.
Оқи отырыңыз: 
Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады
Жердің жанынан қаланы жойып жіберетін күші бар үлкен астероид ұшып өтті

18 сәуір 2018 ж. 1 192 0