Соңғы селфи Португалияда селфиге түскісі келген екі турист ойда жоқта мерт болды. Олар осы елдің Эрисейра қаласындағы жағажайға демалуға келген Австралия мен Ұлыбритания азаматтары болып шықты.Ерлі-зайыптылар жартастың үстіне шығып, суретке түскісі келген. Оқиға болған жерден ұялы телефон табылған. Кашкайш портының капитаны Руй Перейраның айтуынша, фотоға түсіріп тұрған адам ұялы телефонын қолынан түсіріп алып, соны көтермекші болғанда, екеуі де тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен.http://www.syrboyi.kz Әлем 14 маусым 2018 ж. 649 2
Пікір 2