Әлемдегі ең семіз бала 65 келі салмақ тастады Үндістанның Дели қаласында Михир Джаин есімді жеткіншек 65 келі салмақ тастады. Ол бірнеше жылдан бері аяқ баспаған көшеде өзі жаяу жүре алды.14 жастағы жеткіншек әлемдегі ең ауыр салмақтағы бала. Салмағы 237 келі болған. Сәуір айында ота жасатып, қазір салмағы 172 келі тартады.Ол ел қатарлы бала болып туғанымен майлы тамаққа деген тәбеті жоғары болған. 8 жасында 80 келі салмақта болды. Ата-анасы баласының денсаулығының бұрыстығын 5 жасында байқайды. Дәрігерлер оның семіздік ауруымен ауыратынын айтады. Олар жас балаға ота жасамай, дәрі беруді жөн деп шешкен.Анасының айтуынша, баласы дәрінің әсерінен жалқаулана түсіп, мүлде қозғалмайтын болады. Ол дәрілердің кесірінен баласы осындай күйге жетті деп отыр. Бірақ баласына майлы тамақ жегізгенін де жасырған жоқ. «Балам төсекте жылдап жатты. 2017 жылы салмағы 237 келі болғанын білдік. Ол жеткіншектер арасындағы ең ауыр салмақта болды», – дейді анасы. Жеткіншек асқазанына ота жасау алдында өз бетінше 197 келіге дейін арықтады.Stan.kz Әлем 03 шілде 2018 ж. 1 735 0