Ыстықта еріген асфальт жүргізушілердің берекесін қашырды, бірақ байытты
Австралияның Квинсленд штатында күннің ысығаны соншалық, тіпті жолда төселген асфальт еріп, жүргізушілерді әбден әбігерге салды.
Бұл туралы ABC News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі
Жолдың ерігені сонша тіпті, көліктердің дөңгелегі асфальттан көріндей қалған. Енді бұл аласапыраннан зардап шеккен 50-ге жуық жүргізушіге келтірілген залал үшін өтемақы төленеді. Көлік министрлігі асфальты еріп жатқан жолдарға қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, бірқатар жолдарды жауып тастады.
«Мен доңғалақтан 7 сантиметр болатын битум қабатын көріп, шошып кеттім. Адамдар тіпті жол бойында тоқтап, көліктеріне не болғанын түсінбей дал болды», – дейді зардап шеккендердің бірі.
Тағы бір жүргізуші мұндай жағдайды ешқашан көрмегенін және бір танысының жаңа дөңгелек алу үшін 1,2 мың доллар шығынға батқанын айтты.
Биліктегілер бұны ауа райына қатысты болған жағдай деп түсіндірді. Олар жолдағы асфальттың еруінен зардап шеккендерге өтемақы төлейтіндерін хабарлады. Сонымен қатар, министрлік мәселенің жолдың сапасыз төселуімен байланысы бар ма деген сауалға жауап беруден бас тартты.
http://stan.kz