» » Американың кедей тұрғындарына бір жарым жыл бойы тегін ақша берілетін болды

Американың кедей тұрғындарына бір жарым жыл бойы тегін ақша берілетін болды


АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стоктон қаласында негізгі кірісті анықтау үшін тәжірибе жүргізілетін болды. Онда кедейліктің тауқыметін тартып жүрген азаматтарға 18 ай бойы тоғыз мың доллар төленеді. Есеп бойынша әрбір тұрғынға айына 500 АҚШ доллары беріледі.

Бұл туралы Fox News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі
Биліктегілер осы жобаның көмегімен 300 мыңнан астам тұрғыны бар бірде-бір қалада кедейліктің тауқыметін тартатын азаматтардың болмауы керек екенін көрсетпекші. АҚШ билігі бұл бағдарламаны 2019 жылдан бастап жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы жоба бойынша кедейліктің шегіне жеткен 100 қала тұрғыны өтемақы алуға құқылы және олар ақшаны өздерінің қалауынша жұмсай алады.
Бүгінде тас кедейлерге ақша тарататын Стоктон қаласын қарыздың астанасы деуге болады, себебі онда әрбір төртінші азамат кедейліктің шегіне жеткен. Ал, отбасының орташа табысы жылына республикалық орташа көрсеткіштен (шамамен 46 мың доллар) 8 мың долларға төмен. Сондай-ақ, қала қымбат құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін миллиондаған долларға қарызға батып, 2012 жылы банкротқа ұшырағандарын жариялаған.
Қала басшысы Майкл Таббстың сөзінше, қаланың бюджеті туристер мен инвесторларды тарту үшін жасалған бағдарламаға кеткен.
Ал, тас кедейлерге ақша тарату тәжірибесін миллиардерлер қаржыландырады екен. Бұл тәжірибеге көптеген атақты адамдар инвестор болуға ниет білдірген, оның ішінде Facebook-тің негізін қалаушы Крис Хьюз бағдарламаға 1 миллион доллар берген.



http://stan.kz
12 шілде 2018 ж. 810 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930