Денесіндегі түктерді қырамын деп терісін тіліп алған әйел аяғынан айырылды
Ұлыбританиядағы Бристен қаласының тұрғыны аяғындағы жараға мән бермегені үшін, аяғынан айырыла жаздады.
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.43 жастағы Таня Черножукова аяғынадағы түктерді қырып отырып, терісін тіліп алған. салдарынан жара орнына инфекция түсіп, артынша ұзындығы 2,5 см болатын қабыршық пайда болған. Анасы оған дәрігерге қаралуға кеңес берген. Алайда әйел аяғындағы жараға мән бермепті.
«Бір аптадан кейін аяғымның ауырғаны сонша, бірден ауруханаға бардым. Мені 5 күнге ауруханаға жатқызды. Дәрігерлер аяғымдағы күйдіргі екенін айтып, күшті антибиотиктер жазып берді», – дейді Черножукова.
Алайда ем көмектеспеген.
«Аздаған аптаның ішінде сирағым тобықтан тізеге дейін түгелдей жасыл аралас қара түсті болып кетті», – дейді әйел.
Ал әйелдің сусамыр дертіне шалдыққаны анықталғанда, жағдай қиындай түскен. Соның салдарынан жара жазылмай, үлкейе беріпті.
Нәтижесінде аяғының зақымдалған жері ісініп, қан айналымы нашарлаған. Артынша жара орнындағы тіндер өліп, әйелдің аяғы шіри бастапты.
«Аяғымды пластик пакеттке қстауыма тура келді. Одан соншама сұйықтық шығып датты. Қорқынышты фильмде жүргендей сезіндім», – дейді Черножукова.
Мамандар 18 ай бойы ауруды жеңуге тырысқан. Әйел дәрілер қабылдап, иісмайлар жағып, тіпті жәндіктердің жұмыртқалары арқылы емдеуді де байқап көріпті. Алайда нәтиж болмаған.
Мұнан кейін дәрігерлер әйелге аяғын кестіру туралы ойлануды ұсыныпты.
«Олар аяғымды кеспей-ақ қоюға да болатынын айтты. Алайда жара алдағы бірнеше жыл ішінде жазылмайды. Мүмкін ешқашан жазылмайтын болар. Мен оларға аяғымды кесуге келісімімді бердім», – дейді ол.
Нәтижесінде дәрігерлер әйелдің аяғын кесіп тастаған. Есесіне инфекция таралуы тоқтаған. Әйелдің сөзінше, аяғындағы ауру басылып, өмірі реттеле бастапты. Ендігі ол аяғындағы түктерді қырудан қорқып қалған.
Stan.kz