» » Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов үйленді

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов үйленді

видеодан үзÑндÑ

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Неке қию рәсімі кезінде түсірілген видеоны Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол қатты қобалжығанын айтады. Геотегтерге қарап салтанатты шараның Гавай аралдарында өткенін аңғаруға болады. Қалыңдықтың есімі - Джениффер.  "Қандай керемет күн. Осы сезімді жеткізетіндей сөз таба алмай отырмын. Менің ойымша бұл менің ең мықты күнім. Мен өзімнің ең жақын досыма үйлендім. (...) Құдайға рақмет, достарыма және батасын берген отбасымыздың мүшелеріне рақмет. Біз сіздерді бағалаймыз және жақсы көреміз", - деп жазды полицей. 

Димаш Ниязов - Нью-Йоркте полицей болып қызмет етеді, Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа қоныс аударған. NYPD (New York City Police Department) жұмыс істейді, Бруклин аудандарында патруль қызметін атқарады. 2017 жылдың басында ең үздік полицей атағын алды. Сондай-ақ, Димаш кәсіпқой боксшы. 

tengrinews.kz



25 шілде 2018 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031