Қытайда бүлдіршін қолындағы татуының арқасында аман қалды
Қытайда қолындағы тату баланың өмірін сақтап қалды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қытайдың Чжецзян провинициясында бала өмірін тату сақтап қалған. Ақыл-есі кем бүлдіршін түнде үйден қашып кетіп, қайтар жолды ұмытып қалыпты. Баланы байқаған полицейлер дереу оның қолында жазылған нөмірге хабарласқан екен.
Телефон қоңырауға балақайдың анасы жауап берген. ''Мен бұл татуды балам жоғалған жағдайда жылдам табу үшін жасаттым'', - дейді анасы.
Жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары ананың бұл әрекеті дұрыс екенін айтуда. Ал полицейлер бұл іске нағыз аналық махаббат көрінісі деп баға берді. Сондай-ақ, олар психологиялық ауытқуы бар балаларға GPS орнатып қою қажеттігін айтты.