“ТМД аруы-2018” байқауының жеңімпазы анықталды
Байқау өзінің 22 жылдық тарихында тұңғыш рет Астанада өтіп отыр.
Астанада “ТМД аруы-2018” xалықаралық байқауы қорытындыланды.
Астанада “ТМД аруы-2018” xалықаралық байқауы қорытындыланды.
Байқауда Достастыққа мүше 10 елден 19 ару бақ сынады. Қазақстаннан Роза Ярлабекова, Әсем Есенгелдинова және Ксения Якимчик, Армениядан Ромелла Тамарян, Украинадан Татьяна Акуленко, Лика Шевченко мен Оксана Левченко, Грузиядан Аннамария Качеишвили және Лика Тория, Тәжікстаннан Маликабону Каюмова мен Назира Мирзоева, Беларусьтан Виктория Лавренко мен Анна Пономарева, Ресейден Арина Зинченко, Виктория Волгина және Жанар Хасенова, Латвиядан Лариса Агафонова, Қырғызстаннан Сусанна Егорян, Өзбекстаннан Дарья Масальская қатысты.
Қазылардың шешімі бойынша “ТМД аруы-2018” халықаралық байқауының бас жүлдесі – алтын тәжді украиналық Татьяна Акуленко жеңіп алды. 1-орынға Қазақстан аруы Әсем Есенгелдина, 2-орынға Армениядан келген Ромелла Тамарян, 3-орынға Ресей қызы Виктория Волгина ие болды. Басқалар да жүлдесіз қалған жоқ. Қатысушылардың әрқайсысына жеке-жеке ынталандыру атақтары берілді. Байқаудың сыйақы қоры – 10 мың еуро.
Айта кету керек, байқауға атышулы Сусанна Егорян да қатысты.
Айта кету керек, байқауға атышулы Сусанна Егорян да қатысты.
Былтыр ол “Қырғызстан аруы” атағын жеңіп алғаннан кейін World Next Top Model 2017 халықаралық байқауына қатысқан болатын. Финал сахнасына Сусанна “Армения” деп жазылған лентамен шықты. Сол үшін қырғызстандықтар оны қатты сынға алды. Осы жолы Сусанна Қырғыз Республикасының атауы жазылған лентамен бірге қырғыз ұлттық киімін де киіп шықты.
Сынға түскен арулардың арасында Ресейде тұратын қазақ қызы Жанар Хасенова да болды. Еске салайық, бұған дейін “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аруы” атағы үшін бәсекелесетін 19 қыздың Астанаға келгенін хабарлаған едік. Байқау өзінің 22 жылдық тарихында тұңғыш рет Астанада өтіп отыр және елорданың 20 жылдығына арналды.
Байқаудың мақсаты – қатысушы елдер арасында туризмді дамыту және мен мәдениетті насихаттау. Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті.
Сайыскерлер Астанаға әдейілеп бірнеше күн ерте жиналды. Олар байқауға дейін қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысты,
Астананың көрікті жерлерін аралап, мерекелік және қайырымдылық шараларға қатысты.
Эксклюзив шоу-бағдарламаға әлемдік жұлдыздар, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер де қатысатыны хабарланған еді.
Эксклюзив шоу-бағдарламаға әлемдік жұлдыздар, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер де қатысатыны хабарланған еді.
“ТМД аруы-2018” байқауы “ТМД аруы” халықаралық байқауының бас директоры және негізін қалаушысы Наири Мнацаканян мен Velada халықаралық модель агенттігінің қолдауымен өткізіліп отыр. 2017 жылы “ТМД аруы” байқауы Армения астанасы Ереванда өтті.
baribar.kz