» » Әйелі жұмыстан келген күйеуін құшақтап, киімін жуғаннан кейін қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болды

Әйелі жұмыстан келген күйеуін құшақтап, киімін жуғаннан кейін қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болды


Адриенн Суини 40 жыл бойы жұмыстан үйіне келген күйеуін құшақтап, артынша оның жұмыс киімін жуған. Оның күйеуі қазандық жасайтын зауытта жұмыс істейді екен. Алайда ол күйеуі Уильямның киіміндегі шаң мен асбест салдарынан қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болған.

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Осы аптада Адриеннің отбасы оның қазандық зауытының кесірінен қатерлі ісікке шалдыққанын сотта дәлелдеп, 247 мың еуро (100 млн теңгеден аса) көлемінде өтемақы алды.
«Біздің анамыз еңбекқор болатын. Ол өзін толықтай отбасына арнады. Алайда асбесттің қаншалықты қауіпті екенін ешқайсымыз білмедік», – дейді қайтыс болған әйелдің қызы Кей Гибсон.

ÓÐ¹ÐµÐ»Ñ Ð¶Ò±Ð¼ÑÑÑан келген күйеÑÑн ÒÒ±ÑаÒÑап, киÑмÑн жÑÒаннан кейÑн ÒаÑеÑÐ»Ñ ÑÑÑкке ÑалдÑÒÑп, ÒайÑÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ

Отағасы Уильям қазандық шығаратын зауытта темір ұстасы болып жұмыс істеген. Ол жұмысынан үйіне қайтып келген сайын киімінің шаң екеніне қарамастан, бірден әйелін құшақтайтын болған. Мұнан кейін әйелі оның кір киімін жуады екен. Салдарынан әйелдің бойында мезотелиома – өкпе қабығының қатерлі ісігі пайда болған.

ÓÐ¹ÐµÐ»Ñ Ð¶Ò±Ð¼ÑÑÑан келген күйеÑÑн ÒÒ±ÑаÒÑап, киÑмÑн жÑÒаннан кейÑн ÒаÑеÑÐ»Ñ ÑÑÑкке ÑалдÑÒÑп, ÒайÑÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ

Адриенн қатерлі дерт салдарынан 2015 жылы 75 жасында қайтыс болған.




Stan.kz






01 тамыз 2018 ж. 1 257 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031