Иран шахын өзге әйелдерінен бас тартқызған ерекше көрікті жары туралы не білеміз?
Ирандық Фарах Пехлеви - патшайым атанған ерекше көрікті әйел. Бойжеткенге ессіз ғашық болып қалған Иран шахы барлық өзге әйелдерден бас тартып, Фарахпен некесін қияды. Тарихта сұлу да дана әйел күйінде есімі жазылған патшайым туралы қызықты деректерді NUR.KZ порталы 999stories.comсайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.
Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви Фарахты Парижде 1959 жылы жолықтырып, сол жылдың аяғында оған үйленуге бел буады.
Бұл шахтың үшінші некесі болатын.
Бұрынғы әйелдері оған ұл сыйлай алмағандықтан, патшайым атануға лайық деп табылмайды.
Фарахтың көркіне тәнті болған шах той күнінде болашақ жарына 325 гауһар таспен көмкерілген тәж сыйлайды.
Фарах үшін бұл қымбат сыйлыққа айналды. Ол тәжді жиі тағып алатын. Бойжеткен шахқа төрт бала сыйлады, оның екеуі ұл бала.
Бірнеше тіл білетін, көзі ашық әрі көрікті ару елдің ерекше сүйіспеншілігіне бөленеді.
Әйелдер құқы үшін күрескен патшайымның арқасында елдегі әйелдер бетін бүркеуді доғарып, еуропалық киім кию мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетерлігі, талай ғасырлар бойы елде шахбану (патшайым) атанған ешкім болмаған.
Бұл атақты иеленген Фарах тағы да мыңдаған гауһар таспен безендірілген қымбат тәжді сыйға алады.
1979 жылы елде революция болып, шахтың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол патшайыммен бірге елден қашуға мәжбүр болған.
Мохаммед Реза 1980 жылы қайтыс болса, Фарах бүгінде АҚШ-та балаларымен бірге тұрып жатыр.
Фарах екі баласынан айырылған: қызы Лейла қаза болса, ұлы Әли өзіне қол салған.
NUR.KZ