» » 2018 жылдың ең үздік 5 автокөлігі

2018 жылдың ең үздік 5 автокөлігі



Көлік сарапшылары биылғы жылдың ең үздік 5 автокөлігінің рейтингін жариялады. Бұл тізімде Toyota Corolla бірінші орында тұр. Сарапшылар рейтингті шығармас бұрын барлық көлікті толыққанды зерттеп, кем-кетік, артық тұстарын есепке алған. Автокөліктің беріктігі, қауіпсіздігі, басқарылуы және тұтынушылардың пікірлері бойынша дайындалған рейтингті CarsWeek порталы жариялады.
Corolla-дан кейінгі екінші кезекте төрт дөңгелекті белгісі бар Audi A4 тұр. Мамандардың пікірінше, A4 маркалы автокөліктің бұл тұғырдан көрінуіне оның қозғалтқышының қуаттылығы, басқарудағы жайлылық әсер еткен.
Тізімнің үшінші сатысында Toyota компаниясының Camry маркасы тұр. Оның рейтингтің үздік үштігіне ілігуінің негізгі себебі, жанармайды аз жұмсауы. Тізімнің төртінші бағанына Subaru Forester жайғасса, үздік бестіктің қатарын BMW X3 қорытындылады. Рейтингтің бірінші және үшінші сатысынан көрінген Toyotа – көлік нарығында өзіндік орны бар әлемге әйгілі компания. Бүгінде брендке айналған компанияның тарихы 1933 жылдан бастау алады. Алғашында Toyota текстильді фирмадағы көлік департаменті болып құрылды. Тек кейіннен ғана автокөлік зауытына айналды. Оны компания қожайынының үлкен баласы Киичиро Тойода ашып келешекте Toyota маркалы автокөліктерді әлемге әйгілі етті. Platt Brothers ағылшын компаниясының жіп иіру машиналарының патентін сатып, алғашқы көліктердің өндірісін бастады. Алғашқы автокөлік 1935 жылы құрастырылып, Model A1 (АА) атқа ие болды және алғашқы жүк машина Model G1 мен Model A1 (АА) 1936 жылы сериялық өндіріске шыққан болатын. Сол жылы экспорттық тапсырыстар да басталып, Қытайдың солтүстігіне G1 жүк машиналарының 4 данасы жіберілген. Бір жылдан кейін 1937 жылы автокөлік департаменті жеке компания ретінде қалыптасып, Toyota Motor Co.Ltd атына ие болды. Тойота компаниясының соғысқа дейінгі дамуы осылай өтті. 2018 жылдың үздігі атанған Corolla үлгісі 1966 жылы жасалды. 1980 жылдары, дәлірек айтқанда 1982 жылы Toyota Motor Co.Ltd. мен Toyota Motor Sales Co.Ltd. компаниялары қосылып, Toyota Motor Corporation-ды құрады. Осы уақытта Camry үлгісінің шығарылуы басталады.

06 тамыз 2018 ж. 1 225 2

Гость Jeaplause от 22 ақпан 2019 08:39
Viagra Sildenafil Precio viagra Costco Pharmacy Prices Levitra 52

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 20:32
Where To Buy Alli Weight Loss Pills Vente Viagra Par Internet En Mulhouse Cialis 5 Mg Precio Espana cialis Canadian Medications Online Alldaychemist Prescription Needed Dapoxetine And Cialis

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930