» » АҚШ-та ұсталған қазақстандық қыздар сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысқан

АҚШ-та ұсталған қазақстандық қыздар сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысқан

ÐÒШ-Ñа Ò±ÑÑалÒан ÒазаÒÑÑандÑÒ ÒÑÐ·Ð´Ð°Ñ ÑиÑек кездеÑеÑÑн көлÑкÑеÑÐ´Ñ ÑаÑÑмен айналÑÑÒанЕліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та ірі алаяқтық үшін тұтқындалған үш әйелдің Қазақстанның азаматшалары екенін растады. Азиза Жалолова, Диора Аширова және Елена Құдайбергенова Тараз қаласының тумалары. Олар сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысты деп айыпталуда, деп жазады Stan.kz.

Алаяқтық үшін қамауға алынған қазақстандықтардың ең кішісі 24 жаста болса, ал ең үлкені 50-ге таяп қалған әйел. Олар автокөліктерді сату туралы хабарландыру беріп, сатып алушылардан алдын ала төлем алып отырған. Алайда, әйелдер ол қаражатты алғаннан кейін клиенттермен барлық байланыстарын үзіп, іздерін суытқан. Кешегі министрлер отырысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов күдіктілерге барынша қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
«Еліміздің Нью-Йорктегі Бас консулдығы бірден қамаудағыларға консулдық және құқықтық көмек көрсетуге кірісті. Атап айтқанда, 1994 жылы туған Азиза Жалолов , 1991 жылғы Диора Аширова және 1970 жылы туған Елена Құдайбергенова ірі алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Сыртқы істер министрлігі олардың Қазақстанның азаматшалары екенін растады. Біз дәстүрге сәйкес, азаматтарымызға барынша қолдау көрсетеміз»,-деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Қазір Қазақстанның екі азаматшасы қамауда отыр. Ал, 1970 жылы туған әйел денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. АҚШ-та ұсталғандардың барлығы 20-дан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Олар келтірген залалдың мөлшері 4,5 миллион долларды құрайды. Қамауға алынған қазақстандық азаматшалардың 25 адамнан тұратын халықаралық қылмыстық топтың мүшелері болғаны белгілі болды.
08 тамыз 2018 ж. 733 0