» » Түнгі уақытта жұмыс істеу - қатерлі ісікке алып келетіні анықталды

Түнгі уақытта жұмыс істеу - қатерлі ісікке алып келетіні анықталды

ÐÓ©ÑÐ½ÐµÐºÑ ÑоÑо: Oxu.Az

Канададағы Монреаль университетінің зерттеушілері түнгі уақытта жұмыс істейтін әйелдерде сүт безінің обыры жиі кездесетенін анықтады. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Зерттеу жұмысына Австралия, Канада, Франция, Германия мен Испаниядан 55-59 жас аралығындағы 13 мың әйел қатысқан. Оның ішінде 6100 еріктіге сүт безінің обыры деген диагноз қойылыпты. Сондай-ақ ауру анықталған қатысушыларда қатерлі ісіктің пайда болуына қандай факторлар әсер еткені анықталған.
Белгілі болғандай, обыр ауруы рецепторларының дамуына түнгі уақытта жұмыс істеу қатты әсер еткен.
Сонымен, түнгі уақытта үш сағаттан артық жұмыс істемейтін әйелдерде қатерлі ісікке шалдығу қаупі 12 пайыз болса, аптасына үш рет 10 сағаттық түнгі кезекшілікке түсетіндер 80 пайыз аты жаман дертке шалдығуы мүмкін дейді мамандар.
Зерттеушілердің айтуынша, түнгі уақытта еңбекпен айналысу адам ағзасындағы циркадты ырғақты бұзып, мелатонин гормонының бөлінуіне кедергі келтіреді. Ал аталмыш гормон өз кезегінде қатерлі ісікке қарсы әсер беретін көрінеді.


https://kaz.nur.kz

17 қыркүйек 2018 ж. 917 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930