АҚШ-Қытай: САУДА СОҒЫСЫ ӨРШИ ТҮСТІ
Бірнеше айдан бері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы ақпарат кеңістігінің басты тақырыбына айналды. Қосалып арасындағы экономикалық текетіресте кім басым түседі? Құрама Штаттардыңсауда тапшылығы шілде айында 50 миллиард долларды құрады.
Бұлбылтырғы маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 9,5 процентке артқан.Сарапшылардың айтуынша, бұл – 2015 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, экспорт деңгейі Қытайдың бірқатарамерикалық тауарға салық салуынан төмендеген. Бейжің де Вашингтон салғансалықтың зардабын тартып отыр. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың саудатекетіресіне қатысты Қытаймен келісімге келуге дайын еместігін алға тартты.Айтуынша, Вашингтонға Бейжіңнің ұсынған шарттары ұнамайды. Ақпарат көздерініңмәліметінше, сауда соғысынан қос тарап та қомақты қаражат жоғалтады.Дүниежүзілік банк жүргізген зерттеу көрсеткендей, екі жақ та ұзаққасозылған соғыстан ұтылады. Қаржы ұйымының дерегі бойынша, Қытай мен АҚШ-тыңжыл сайынғы экспорт көлемі 40 миллиард долларға азайып отырады. Егер осылайжалғаса беретін болса, Бейжіңнің Вашингтонға экспорты 190 миллиард доллар, алҚұрама Штаттардың Аспан асты еліне экпорты 166 миллиард долларды құрауы мүмкін.
Сарапшыларқос державаның текетіресінен Қытай жеңіп шығады деп жатса, ал кейбір ақпаратқұралдары Дональд Трамп ұстанған саясатты жақтайды. Дегенмен, сарапшылардыңбасым бөлігі бұл сауда соғысынан екі мемлекет те ұтылатынын айтуда. Аламерикалық экспорттаушылар тауарларын енді Қытайдан басқа елдергеэкспорттаудың жолын қарастырып жатқан сыңайлы.
Көпшіліккемәлім, Қытай жуырда АҚШ-тан әкелінетін соя бұршақтарына салық салған болатын.Осыдан кейін қытайлықтар соя бұршақтарын импорттаушы елді іздей бастады.Осылайша Құрама Штаттарға бағытталған салықтың арқасында Бразилия өз өнімінҚытайға сатып, жаңа жұмыс орындарын аша бастады. Алыптардың сауда соғысыосылайша үшінші елдердің мүддесіне қызмет жасауда.
http://www.syrboyi.kz
Пікір 2