» » Мүгедек жігіт роботтың көмегімен официант болып жүр

Мүгедек жігіт роботтың көмегімен официант болып жүр

Ðүгедек жÑгÑÑ ÑобоÑÑÑÒ£ көмегÑмен оÑиÑÐ¸Ð°Ð½Ñ Ð±Ð¾Ð»Ñп жүÑ

Жапонияда мүгедектерге көмектесетін робот аватарларға сынақ жүргізілуде. Бұл технологияны алғаш болып Нозоми Мурата есімді мүгедек қолданып көрді. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінде қашықтан жұмыс істейтін официант ретінде қызмет атқарады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Адам секілді Orihime-D роботы өзінің иесіне интернет арқылы байланысады. Жаңа робот камера мен сенсордың көмегімен жұмыс істейді. Осылайша, жүйеге қосылған пайдаланушы аватардың көмегімен қашықтан жұмыс істей алады.
Құрылғыны бірінші болып Нозом Мурата есімді жапон жігіті қолданып көрді. Ол қаңқалық бұлшықеттердің семуінен зардап шегеді. Ер адам өздігінен жүре алмайды, бірақ ол аватардың көмегімен мейрамханардың біріне официант ретінде жұмысқа орналасты.
Orihime-D өте ыңғайлы робот. Оның бойы 1,2 метр, салмағы – шамамен 20 келі. Жүйені пилоттық іске қосу қараша айының соңына жоспарланып отыр. Сондықтан Муратадан басқа да бірнеше мүгедек жапон мейрамханаларында жұмыс істейтін болады. Әзірлеушілердің айтуынша, аватарды тіпті өздігінен мүлде қозғала алмайтын мүгедектер де басқара алады.


Stan.kz












25 қыркүйек 2018 ж. 923 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930