» » Жұмыссыз кедей жігіт түйіндемені қолмен жазып танымал болды

Жұмыссыз кедей жігіт түйіндемені қолмен жазып танымал болды

Испанияның Кордоба қаласында 21 жастағы Карлос Дуарте есімді жұмыссық жігіт кафелердің біріне қолмен жазылған түйіндемесін тастап кетті. Келушінің ерекше түйіндемесін көрген Эуге Лопес есімді кафе қызметкері оны Facebook парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.


Жұмыссыз жігіттің қолмен жазылған түйіндемесі желіге жарияланған соң, оны бірнеше компания  жұмысқа шақырды.
Лопестің айтуынша, жас жігіт кафеге келіп жұмыс сұраған. Содан кафе қызметкері оған түйіндемесін қалдырып кетуді ұсынды. Алайда, жігіт түйіндемені басып шығаруға қаражаты жоқ екенін айтып, оны қолмен жазу үшін қағаз бен қаламын әкелген.

Алайда, Лопес жұмыс істейтін кафеде бос орын болмады. Сол кезде бойжеткен жаңа досына көмектеспекші болып, оның оқиғасымен әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Ол жігіттің жұмыс табу үшін бәріне дайын екендігін байқап, қолмен жазылған түйіндемені өз парақшасында жариялады.

Бойжеткен жариялаған жазба 10 мыңнан астам репост жинап, оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары Лопестің әрекетіне сүйсініп және оған қолдау көрсетті. Кейінірек, ол түйіндемені қолмен жазып танымал болған жігітті көптеген компания жұмысқа шақырғанын хабарлады.

Stan.kz


27 қыркүйек 2018 ж. 1 171 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930