» » Facebook-те 50 миллион аккаунт хакерлердің шабуылына ұшырады: Олардың ішінде қазақстандықтар да бар

Facebook-те 50 миллион аккаунт хакерлердің шабуылына ұшырады: Олардың ішінде қазақстандықтар да бар

Facebook-Ñе 50 миллион аккаÑÐ½Ñ ÑакеÑлеÑдÑÒ£ ÑабÑÑлÑна Ò±ÑÑÑадÑ: ÐлаÑдÑÒ£ ÑÑÑнде ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ Ð´Ð° баÑ

Facebook компаниясы белгісіз хакерлердің 50 миллионға жуық аккаунтты бұзып алғанын хабарлады. Белгісіз жандар қолданушылардың жеке мәліметтерін ұрлаған болуы мүмкін. Хакерлер желінің осал тұсын анықтап, шамамен 50 млн аккаунтты қолжетімді етіп алған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Компаниядағылар мұны кімнің жасағанын білмейді. Бұл олқылықты сейсенбі күні анықтаған Facebook полицияға шағым түсірді.
Компания хакерлердің құрбаны болғандарды логин мен құпия сөзін қайта теріп кіруге шақырды.
Facebook компаниясы қауіпсіздік бөлімінің басшысы Гай Розен олқылықтың жойылғанын мәлімдеді.
Әзірге “Фейсбук” хакерлердің құрбаны болған 50 миллион қолданушының қай елде тұратынын хабарламады. Сондай-ақ, компанияның Ирландия органдарына хабар бергені анықталды. Зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтар да болуы мүмкін.
Хакерлік шабуылдың құрбаны болуы мүмкін деген адамдарға желіге қайта кіру ұсынылды. Десе де, компаниядағылар құпия сөзді өзгертудің әзірге қажеті жоқ деп отыр.
“Әзірге тергеу жүріп жатыр. Сондықтан да аккаунттар пайдаланылды ма, ол жақтан ақпарат ұрланды ма, оны білмейміз. Сондай-ақ, шабуылды кімнің жасағаны анықталмады”, – делінген компания мәлімдемесінде.
Хакерлер View As (орысшада – “Посмотреть как”) функциясын бұзып алған. Бұл функция біреудің парақшасын өзге қолданушылардың көзімен қарауға мүмкіндік береді.
Компанияның хабарлауынша, арам ниеттілер осы функцияны пайдалана отырып, қолжетімділік маркерін ала алады. Ал ол өз кезегінде аккаунтта отырып, әр кірген сайын құпия сөзді енгізбеуге мүмкіндік береді.
Хакерлер біреудің жеке мәліметіне қол сұқты ма, ол жағынан компания хабарсыз.
“Фейсбук” өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы желіге видео жүктеу мүмкіндігі қосылғаннан кейін жоғарыда аталған функция әлсіз бола түскен.
“Фейсбук” компаниясы “Посмотреть как” функциясының уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Осылайша аккаунтты бұзып алған хакер ондағы мәліметтерді ала алмайды.
Бұл шара шамамен 90 миллион аккаунтқа қолданылады. Оның ішінде бұзылуы мүмкін деген 50 миллион аккаунт пен “посмотреть как” функциясы бойынша сұраныс алған тағы да 40 миллион аккаунт бар.
Компания зардап шегушілердің қатары артуы мүмкін екенін ескертеді.


Stan.kz


29 қыркүйек 2018 ж. 668 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930