» » Қытайлар Айға ұшыратын луноход суретін көрсетті

Қытайлар Айға ұшыратын луноход суретін көрсетті

ÒÑÑÐ°Ð¹Ð»Ð°Ñ ÐйÒа Ò±ÑÑÑаÑÑн лÑноÑод ÑÑÑеÑÑн көÑÑеÑÑÑ

Қытай инженерлері Айдың арғы бетіне зерттеу мақсатында жіберілетін луноходтың суретін жариялады. Аталған аппарат биыл "Чанъэ-4" зымыранымен Айға ұшырылу жоспарланған. 
Жергілікті "Синьхуа" басылымының хабарлауынша, ай көлігі екі жылжымалы күн панельдерімен жабдықталған және алты доңғалақты шассиге орнатылған тікбұрышты блок пішініне ие. Құрылғының ұзындығы 1,5 метр, ені - 1 метр, биіктігі - 1,1 метр.  Жобаның бас инженері У Вэйжэньнің айтуынша, әлі күнге дейін ресми атау алмаған луноход, 2013 жылы Айға жіберілген "Юйту" луноходына қатты ұқсайды. Аппарат айдың арғы бетіндегі Оңтүстік плюс – Эйткенге қону жоспарланған. Себебі бұл жерде үлкен мұз қоры бар деген болжамдар бар.

Massaget.kz
21 қазан 2018 ж. 728 0