Үндістанда үлкен маймыл 12 күндік сәбиді ұрлап, тұншықтырып өлтірген
Үндістанның Агра қаласында тұратын әйел сәбиін емізіп отырған сәтте оны маймыл жұлып әкеткен. Жануар нәрестені шатырдың үстіне алып барып, тұншықтырып тастаған деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Туылғанына небәрі 12 күн толған Аруш атты ұл баланы анасы өз үйінде емізіп отырып, маймылдың қалай кіріп кеткенін байқамай қалыпты.
Үлкен макака сәбиді әйелдің қолынан жұлып алып, көрші үйдің шатырына қашып кеткен.
Нәрестенің ата-анасы оның артынан қуа жөнеледі. Маймыл баланы шатырдың үстінде тастап кетіпті.
Сәбиді бірден ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның мерт болғанын айтады. Бала басы мен желкесінен алған жарақатты көтере алмаған.
Жергілікті басылым мәліметінше, Үндістанда маймылдар тұрғындарға жиі шабуылдайтын көрінеді.
NUR.KZ.