Ата-анасы дұға жасап, жалбарынған: Қатерлі дертке шалдыққан қыз өздігінен жазылып кетті
АҚШ-та тұратын 11 жасар Роксли Достың бойынан биылғы жылдың маусым айында қорқынышты дерт табылған. Дәрігерлер оның сауығып кетуі екіталай екенін айтыпты. Алайда арада бірнеше ай өткеннен кейін қыз ауруынан құлан-таза айығып кеткен.
Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
11 жасар қыздың үнемі басы ауыратын болған. Алайда оның қатерлі дертпен байланысты екені анықталғанда, отбасының өмірінің тыныштығы кеткен. Белгілі болғандай, Рокслидің басынан қатерлі ісік табылған. Мұндай аурудың салдарынан науқас дұрыстап сөйлеп, тамақ жей алмай қалады. Артынша көзі нашар көріп, ақыры соңында тыныс алу қабілеті бұзылады екен. Қыздың ата-анасы оның сәуле терапиясынан өткеніне қарсы болмапты. Алайда арада біраз уақыт өткеннен кейін жағдай мүлде басқаша өзгереді.
Роксли ем қабылдамай тұрып, оның басындағы қатерлі ісік өздігінен жоқ болып кеткен. Тексеріс нәтижесінде дәрігерлер қайран қалды. Олардың айтуынша, бұл таңғаларлық жағдай. Оның үстіне, қыздың диагнозы қате болуы мүмкін емес. Себебі 4 басқа аурухананың дәрігерлері де бір диагноз қойған.
«Мен Рокслидің тексерісінің нәтижесін көрген кезде, өз көзіме сене алмадым. Ісік жоқ боп кеткен. Бұл қызық әрі біртүрлі жағдай болды», – дейді дәрігер Вирджиния Харролд.
Қызының дертке шалдыққанын білгелі бері ғажайып туралы армандап, дұға жасап, Құдайға жалбарынған ата-анасы мұндай жағдайға сене алмапты. Олар қызын тағы да тексерткен. Оның да нәтижесі ешқандай дерт жоқ екенін көрсетіпті. Ендігі олар аурудың алдын алу үшін, иммунотерапиядан өтпек.
Ал дәрігерлер әзірге мұндай жағдайда түсіндіре алмай отыр.
Ал дәрігерлер әзірге мұндай жағдайда түсіндіре алмай отыр.
Stan.kz