"Айнадан қорқады": Арамызда жүрген вампирлерді қалай білуге болады?
Өткен ғасырда әлем халықтары арасында СПИД жайында сөз болса, осы күндері вампирлер, яғни, адам қанын тікелей ішетіндер туралы жиі айтылуда. Қазақ "жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды" дейтіні тағы бар. Ал бұл өмірде вампирлердің бар екенін айғақтаса керек деп жазады "Алаш айнасы".
1. Вампирлердің күре тісі жай адамдардан әлдеқайда ұзын әрі өткір болады.
Дегенмен бұл ерекшелік көп жағдайда айнадан байқалмайды, тек адамның өзі іштей сезіп, біледі. Олардың қан айналымдары дұрыс болмағандықтан, ауыз қуысы құрғап, көз айналасы сарғаяды екен. Сол үшін олардың тісі автоматты түрде қатты болып кетеді.
2. Вампир күн сәулесінен қатты қорқады. Себебі, оның денесі күн сәулесі тиген бойда қызарып, күйіп, соңында көлдіреп ісіп кететіні бар. Ондай адамның көздері де күнге қарауға шыдамайды. Олар күнге екі секундтан артық қараса көздері жасаурап, аши түседі.
3. Вампирлер қытай пиязын (чеснок) жемек түгілі, иісінен уланып қалады.
4. Вампирлер айнадан қорқады. Олардың өз бет-әлпетін айнадан тамашалауға күш-жігерлері жетпейді.
Ғалымдардың сөзіне сенсек, бұл ауруға ұшырайтын адамдар өте сирек кездеседі. Олар адамның қанын көрген бойда аузынан сілекейі шұбырып отырады.
Қанның дәміне тояттамайтындарды жер бетіндегі әрбір 200 мың адамның арасынан кездестіруге болады екен. Бұл ауру орта ғасырлардағы байлар қыздарын бөтенге бермей, өз туыстарына үйлендірген соң туындаған болуы мүмкін.
Одан бөлек вампирлердің бет терісі жл он екі ай құрғап тұратындықтан жарылып, қансырап тұрады.
Орта ғасырлардың дәрігерлері бұл ауруға ем таппағандықтан порфирия ауруымен ауыратындарға адам қанын жүйелі түрде ішіп тұруға кеңес берген. Олар бұл аурудан сауықтырудың басқа жолын таба алмаған.
https://kaz.nur.kz