» » НИКОЛА ТЕСЛАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК 9 ӨНЕРТАБЫСЫ

НИКОЛА ТЕСЛАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК 9 ӨНЕРТАБЫСЫ



Физик, инженер, электротехника және радиотехника саласында өнертапқыш Никола Тесланыңең үздік әрі қызықты 9 өнертабысы туралы сөз қозғаймыз.

Радио
Радионы ойлап тапқан автор ретінде әу баста Гильермо Маркони саналды. Көпшілік адамдар солай ойлап келді. Тіпті АҚШ-тың жоғарғы соты 1943 жылы радионы Тесла ойлап тапқанын дәлелдейтін айғақтарға көз жеткізгенде Марконидің патентіне шектеу салды. Тесла радиобайланысты қабылдау және байланыстыру тетігі бар толқынның бір бөлшегі ретінде таныстырды. Ол осы технологияны таныстыру салтанатын Ұлттық электр қуаты ассоциациясының алдында өткізді. Тесла 2 өнертабысының патентін 1897 жылы (US 645576 және US 649621) алды. 1904 жылы АҚШ-тың Патент беру бюросы шешімін өзгертіп, радионы ойлап тапқан автор ретінде патентті Маркониге берді. Көпшілік қауым бұл шешім Марконидің қаржы жөніндегі серіктестері Томас Эдисон мен Эндрю Карнегидің есімдерімен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты. Бұл беделді адамдар патент беретін комиссияның шешіміне барынша ықпалын тигізуі мүмкін деп болжанды. Екінші жағынан АҚШ үкіметі үшін патентке төленетін төлемақыдан қашуға оңтайлы шешім болды.

Ауыспалы тоқ
Аталмыш өнертабыс 1893 жылы Чикагода өткен Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Дәл осы өнертабыс Эдисон мен Тесланың арасында бітпес дау тудырған тартысқа нүкте қойды. Эдисонның идеясымен өмірге келген тұрақты тоқ (General Electric компаниясы өндірген) яғни конвертерге қолданылатын тоқтың қауіпті бөлшегін жасады. Тесла ұсынған нұсқа бойынша көпшіліктің қорқынышын сейілту мақсатында Эдисон мен оны қолдаушылар электр тоғының «қауіпті» бөлшегін пайдаланды. Тіпті Эдисон кейде жануарларды элект тоғының көмегімен өлтіріп те көрсетіп жүрді.
Нәтижесінде Эдисон Тесланың өнертабысын жоққа шығарып, оны өсектеу арқылы әлемге арзан әрі қауіпсіз электрмен жабдықталған орындық тарту етті. Бұған жауап ретінде Тесла өте танымал өнертабысын әлемге әйгіледі. Ол толыққанды қауіпсіз электр тоғын ойлап тапты. Электр лампасын жағу үшін тоқты өз денесі арқылы өткізіп дәлелдеді.
Идея ұрлау, патент махинациясы сынды Эдисон мен Тесланың арасындағы он жылға созылған қарсыласу 1893 жылы шегіне жетті. Эдисон мен оның инвесторлары Тесланың өнертабысын жоққа шығару үшін осындай арамдыққа барған еді. Алайда, соңында әділдік орнап, Тесланың өнертабысы жеңіп, біздің үйлерімізге жарық сыйлау Тесла ойлап тапқан әдіс бойынша жүзеге асты.

Электрлі қозғалтқыш
Тесла ойлап тапқан электрлі қозғалтқыш Тесланың құрметіне аталған танымал электромобиль арқылы танылды. Тесланың қиялынан туған қозғалтқышты айналмалы магнитті жерде пайдаланса адамдарды Үлкен мұнай билігінен тез босатар еді. Өкінішке қарай, 1930 жылы бұл өнертабыс экономикалық кризистің құрбанына айналды. Дегенмен де өнертабыс уақыт өте келе болмысын түбегейлі өзгертіп, мүлде басқа мақсатта пайланыла бастады. Бүгінгі күні өмірдің ажырамас бөлшегіне айналған тіршілікке керекті заттарға яғни тұрмыстық желдеткіш, үй элетроникасы, су насосы, электрлі құрал-саймандарға, жинақтаушы дискілерге, электронды сағаттар мен компрессорларға қолданылып жүр.

Робототехника
Тесланың таңғажайып өнертабысы өмірдегі барлық тіршілік иелері ішкі импульстің ықпалымен жұмыс істейді деген ойға қалдырды. Ол: «Мен бар болғаны ішкі импульсім арқылы әсер ететін қозғалысқа икемді автомат екенімді күн сайын әрбір ойым мен іс-әрекетім арқылы айта беремін», – деген еді. Осылайша құлтемірдің концепциясы пайда болды. Алайда автор адамдық элементтер сақталатынын, және адамзат роботтан көбею арқылы ажыратылатынын айтты.

Рентген сәулелері
Элктромагнитті және ионды сәулелер тек 1800 жылдың аяғында ғана зерттеле батады. Алайда Тесла бұл үрдістің гаммасын толық зерттеді. Бүгінгі күні біз медициналық диагностикада пайдаланып жүрген сәулелер Тесла ойлап тапқан өнертабыс арқылы өмірге келген дүние. Тесланың өзге де өнертабыстары секілді рентген сәулесі де үнемі дәлелдер келтіре сөйлеу арқылы қолданысқа енді. Оның пікірінше бізді қоршаған әлемді түсіну үшін біз өз ақыл-ойымызды мейілінше пайдаға жаратып, әсіресе шынайы өмірді қабылдайтын ішкі түйсігімізді күшейтуіміз керек.

Жарық
Әрине жарықты Тесла ойлап тапқан жоқ. Бірақ ол оны сақтау мен жеткізу жолдарын ойлап тапты. Тесла флуоресцентті лампаларды өндіріс орындары жарықты өндіргенге дейін 40 жыл бұрын өз зертханасында пайдаланған. Бүкіләлемдік көрмеде Тесла шыныдан жасалған түтікшені қолына алып, оны танымал ғалымдардың есімі жазылған формада иіп көрсетті. Ол тұңғыш рет осылайша неонды жарнама жасаған болатын. Ең қызығы, оның өнертабыстарының ішінде танымал«Тесланың шарғысы» үлкен сұранысқа ие болып, әлемге таралды. Себебі, өндірушілер Жер электр қуатын түрлендіретін алып магнит деген идеяны қуаттады.

Қашықтықтан басқару
Аталмыш өнертабыс радионы ойлап табу идеясының жалғасы десек те болады. 613809 нөмірлі патенті 1898 жылы әлем бойынша тұңғыш рет қашықтықтан басқарылатын қайыққа берілді. Бірнеше үлкен қуат көзін пайдалану арқылы оператор қайықтың рулі мен бұрандасын басқара алды.

Сымсыз коммуникациялар мен шексіз энергия
Бұл екі концепция бір-бірімен астасып жатқан егіз ұғым. Джон Пирпонт Морган Теслаға әйгілі «Варденклифф»мұнарасын тұрғызуға 150 мың доллар көлемінде қаржы берді. Мұнара арқылы табиғи жиілікті оның ішінде сурет, дыбыстық хабарлама және текст жіберуге болатын еді. Бұл жаңалық дүниежүзінде алғаш рет сымсыз коммуникацияның жарқын үлгісіне айналды. Тесла көпшілікке еркін энергияны жеткізіп, әлем елдеріне біртұтас желі арқылы энергияны шектеусіз пайдалануға болатынын дәлелдеді. Өкінішке қарай, Тесланың көптеген өнертабыстары жоққа шығарылып, тіпті көпшілігі қазірге дейін жасырын күйде қалып отыр.



http://reactor.inform.kz

17 ақпан 2019 ж. 649 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031