» » Әйел дені сау қызын ұзақ жылдар бойы дәрігерлерге қаратып, қажетсіз дәрілерді беріп келген

Әйел дені сау қызын ұзақ жылдар бойы дәрігерлерге қаратып, қажетсіз дәрілерді беріп келген

Ұлыбританияда қызын эпилепсиядан емдеген әйел түрмеге тоғытылды. Себебі оның қызының дені сау болған. Алайда ол қызын ұзақ жылдар бойы дәрігерге апарып, қажетсіз дәрілерді беріп келген.

Óйел Ð´ÐµÐ½Ñ ÑÐ°Ñ ÒÑзÑн Ò±Ð·Ð°Ò Ð¶ÑÐ»Ð´Ð°Ñ Ð±Ð¾Ð¹Ñ Ð´ÓÑÑгеÑлеÑге ÒаÑаÑÑп, ÒажеÑÑÑз дÓÑÑлеÑÐ´Ñ Ð±ÐµÑÑп келген

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Блэкпул қаласының тұрғыны 2012 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың қаңтарына дейін қызын дәрігерлерге апарып, оның эпилепсиядан зардап шегетінін айтқан. Десе де қыздың талып қалғанын немесе аурудың басқа белгілерін 41 жастағы әйелден басқа ешкім байқамапты. Нәтижесінде дәрігерлер қызға қажеті жоқ дәрілерді жазып береді. Ол бірнеше рет ауруханада жатып, компьютерлік томографиядан өткен.

Қыздың эпилепсиядан зардап шекпейтіні анықталған бойда қамқоршылық органындағылар оны анасынан алып кетті. Сондай-ақ, оған беріліп келген дәрілерден бас тартылды. Қыздың әкесінің сөзінше, ол анасынан ажырағаннан кейін өзіне сенімді бола түскен.

Аталған іске қатысты үкімді оқыған судья Грэм Ноулз қыздың анасының әрекеті ақылға сыйымсыз екенін атап өтті.

«Сіз қалағаныңызға қол жеткізу үшін қызыңызды қолдандыңыз. Оның қызыңызға қалай әсер ететінін ойламадыңыз. Сізге өзгелердің жаны ашып, назар аударғаны өзіңізге сенімділік сыйлады», – дейді судья.

Сот нәтижесінде әйел 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Stan.kz 



26 ақпан 2019 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 822

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031