» » Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: 180-ге жуық қазақстандық елге қайта алмай отыр

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: 180-ге жуық қазақстандық елге қайта алмай отыр

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстардың кесірінен елге 180-ге жуық отандасымыз қайтып келе алмай отыр. Бұл туралы Үндістандағы елшіміз Болат Сәрсенбаев мәлімдеді. Ал айналма жолдар арқылы жеткен қандастарымыз әуеде 10 сағаттан астам уақыт ұшуға мәжбүр болған. Тек Қазақстанның ғана емес, басқа елдің әуе компаниялары да бағыттарын өзгерткен. Оған кеше ғана даулы Кашмир ауданында екі тараптың әскери-әуе күштері бір-бірінің ұшақтарын атып құлатуы себеп. 

ҮндÑÑÑан мен ÐÓкÑÑÑан аÑаÑÑндаÒÑ ÒаÒÑÑÒÑÑ: 180-ге жÑÑÒ ÒазаÒÑÑандÑÒ ÐµÐ»Ð³Ðµ ÒайÑа алмай оÑÑÑ

Үндістанның әуежайына жиналған жолаушылардың көңілі алаңдаулы. Чемодандарын көтеріп, ұшақтардың рейсі жазылған таблоға қарайды. Бірақ, онда Пәкістан аспаны арқылы ұшу мүмкін болмаған соң, барлығын тоқтатып тастаған. Еліне жете алмай отырған жұрттың арасында 180-ге жуық отандастарымыз бар. Сыртқы істер министірлігінің мәліметінше, оларды қазір қонақ үйлерге жайғастырылған. Отандық туристер осы үшін дипломаттарға ризашылығын білдіруде, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Бізді қымбат қонақүйлердің біріне орналастырды. Қазір рейсімізді осы жерде күтіп отырмыз. Жағдай реттелсе, қайтуға әзірміз. Осындағы қазақстандықтарға қолдау көрсеткен елшілерімізге алғыс айтқым келеді», - дейді қазақстандық турист Екатерина.

Айта кетсек, Делиде қалып қойған отандастарымыздың алғашқы легі елге кеше түнде жеткізілді. Қауіпсіздік шараларын сақтанған отандық әуе тасымалдаушы Пәкістан аспанын айналып өтіп, жолаушыларды Оман корольдігі арқылы елге алып қайтты. Осы себепті жолаушылар 12 сағат бойы ұшақтың ішінде болыпты. Бірақ, отандасарымыз аман-есен жеткендеріне шүкіршілік айтып отыр. 

«Түнгі екіде барлығымызды алып келді. Үш-төрт автобуспен. Әуежайға алып келіп, тіркеудің барлығынан өтіп, ұшаққа отырып, тағы біраз тостық. Рұқсат алдық, әзірге Оман рұқсат бермеді. 6-да ұшып шықтық. Он екі сағат ұшақта отырдық», - дейді қазақстандық турист Ерсұлтан Нұрымбетов. 

Жалпы, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың өршуіне ақпанның 14-інде Кашмирде үнді сарбаздарына қарсы жасалған шабуылдан 46 адамның мерт болуы түрткі болды. Қастандыққа Дели Исламабадты айыптады. Ал, Пәкістан болса мұны жоққа шығарды. Сейсенбіде Үндістан Кашмирдің пәкістандық бөлігіндегі қарулы топ лагеріне әуеден соққы бергеннен кейін екі ел қазір соғыстың сәл-ақ алдында тұр. Осының кесірінен Еуропа мен Азияның әуе байланысы үзіліп, рейстер кейінге шегерілуде. Отандық тасмалдаушылар да сақтық жасап, Алматы мен Астанадан Делиге ұшуы тиіс барлық рейстерді тоқтатып тастаған. 

 «Ертеңге дейін Делиге ұшатын барлық рейстерді тоқтаттық. Өйткені, Пәкістан мен Үндістан арасындағы аспан кеңістігі қауіпсіз болмай тұр. Қазір біз билет алып қойған жолаушыларды елге жеткізу үшін өзге мемлекеттердің әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - дейді «Эйр Астана» АҚ вице-президенті Александр Небога.

Кашмирдегі шиеленістің кесірінен, Үндістанда қалып қойған жүздеген жолаушының нақты елге қашан жеткізілетіні белгісіз. Дегенмен турагенттер шиеленіс демалыстың шырқын бұза алмағынын айтады.

Мамандардың сөзінше, шетелдік туристерден бөлек, жағажайларда емін-еркін қыздырынып жүрген қазақстандық көп. Бірақ соған қарамастан қауырт жағдай әлі де сақталып тұр.

Stan.kz
01 наурыз 2019 ж. 704 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930