12 жастағы бала мүгедек досын 6 жыл бойы мектепке арқалап апарған
Қытайдың Мэйшань қаласында 12 жастағы оқушы 6 жыл бойы мүгедек досын мектепке арқалап апарған.
Сычуань провинциясында оқушы досын мектепке арқалап апарған бала жұрттың жүрегін елжіретті.
Сюй Бинъян мен Чжан Цзэ бірінші сыныпта танысқан. Чжан 4 жасынан бастап миастения дертімен ауырды. Ол жүйке-бұлшықет ауруы. Бұлшықеттердің әлсіреуіне әкеп соғады. Чжан осы дерт салдарынан өздігінен қозғала алмайды.
Сюй Бинъян пен тағы бір бала ауру баланы күн сайын мектепке арқалап апарып жүрді. Асхана кабинетіне дейін жеткізіп, сабақтан соң үйіне әкеп тастайтын болған. 3-сыныпта екі баланың бірі одан әрі көмектесе алмайтынын айтты. Сондықтан Сюй досын жалғыз өзі арқалайтын болды.
Stan.kz