» » Дәрігерлер қыздың көзінен 4 тірі араны алды

Дәрігерлер қыздың көзінен 4 тірі араны алды

Офтальмолог науқастың көзінен 4 тірі араны алып шықты. Маманның айтуынша, бойжеткен көзін уқаламағандықтан оның жанарына зақым келмеген. 

ÐÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ ÒÑздÑÒ£ көзÑнен 4 ÑÑÑÑ Ð°ÑÐ°Ð½Ñ Ð°Ð»Ð´Ñ 

29 жастағы тайваньдық Хэ есімді бойжеткен жақынының зират басына барып, көзін зақымдап алды. Ол көзіне әлдене түсіп кеткенін сезеді. Хэ көзіне топырақ түсіп кеткен деп ойлаған. Көзін жуғанымен, жеңілдік сезбейді. Сондықтан дәрігерге жүгінеді. 

Дәрігер тексеру кезінде науқастың көзіндегі не екенін бірден түсіне алмады. Сосын микроскоптың көмегімен қарағанда, жәндіктің аяғын байқайды. Дәрігер Хунг Чи-Тинг науқастың көзінен осылайша галиктид деп аталатын 4 араны алып шықты. Аралар әлі де тірі болған. 

Араның бұл түрі әдетте зират басында, құлаған ағаштарда, адам терісі шыққан жерлерде болады. Дәрігерлер бойжеткеннің басында болған жағдай олардың тәжірибесінде ғана емес, әлемде алғаш кездескенін айтты. Қыздың көз жанарын сақтап қалғаны қуанарлық жайт болды. 

stan.kz
10 сәуір 2019 ж. 1 135 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30