Кезекті бомба: Қайрат пен Заңғардың орысша әнге түсірген бейнеклипі желіні шулатты (видео)
Қайрат Нұртас інісімен бірігіп түсірген кезекті бейнебаянын халыққа ұсынды. Нұртастың қос ұлы бұл жолы “Сердце мое” трегіне клип таспалаған, деп хабарлайды Stan.kz.
“Өнивөрс дұрыс еді”. Қайрат пен Заңғардың жаңа еңбегін көпшілік дәл осылай бағалады. Тыңдармандардың басым бөлігіне хитменнің жаңаша ізденісі ұнай қоймаған. Ал Қайраттың өзі жағымсыз пікірлерге мән бермек емес.“Кім не десе, о десін, Заңғар екеуміз орысша әнді де айттық. “Заманына қарай адамы” деген, жастарға арналып жазылған “Сердце моё” әнін қабыл алыңыздар!” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.
Stan.kz